МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ ҚАНДАЙ АҚПАР БЕРДІ?
Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді.
Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша мерейтойға байланысты шаралар басталып кетті. Ақын мейтойына арналған өлең оқу эстафетасын ең алғаш бастаған тоғыз жастағы оқушы Ләйлім-Шырақ Абай өлеңдерінен үзінді оқып, эстафетаны жалғастыруды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған еді.
Мемлекет басшысы эстафетаны қабылдап, Абай атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып, бүлдіршіннің эстафетасын қолдайтынын білдірген болатын.
Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдағандығы жайлы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.
Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті.
«Тт» ақпарат