Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындарға құқықтық түсінік берілді

Тұрғындарға құқықтық түсінік берілді

Аудандық орталық кітапханада « Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жемқорлық індет – жою міндет» атты ой – талқы сағаты өтті. Мәдени шараны жүргізген кітапханашы М.Әлиева тәуелсіз еліміздің әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуіне ықпал ететін факторлардың бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мейлінше болдырмау екенін айтып өтті. Бұл тек заң қызметкерлері ғана емес, бүкіл қоғам болып күресетін жағдай, оның ішінде  Отанымыздың өскелең жас  патриоттары да кіретіні анық деп тоқталды. Осыған орай  кеш қонақтары Nur Otan партиясының Сырдария аудандық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық күресінің төрағасы Ш.Нұрсейітов: – Қазақстан халхының әл – ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ерекше мәнге ие болуы. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты дей келе сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретінін, қарапайым қазақтың қара сөзімен таратып айтып берді. Ал Сырдария аудандық сотының бас маманы – аға сот жасауылы Ж.Сырғабаева: –Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс – әрекет жасалған жағдайда қандай іс – қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді жұмыс атқару, қоғамның мемлекетке сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылатынын түсіндіріп өтті.
Мәдени шараны жүргізуші «Тура биде туған жоқ» деген нақыл сөзді алға тарта отырып,ата-бабаларымыздың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін, осы жолдан бізде таймайық деп қорытындылады.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ

31 қаңтар 2020 ж. 550 0