Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариялық ақындардың аудио антологиясы жарыққа шығады

Сырдариялық ақындардың аудио антологиясы жарыққа шығады

Бұл туралы аудан әкімі Руслан Рүстемов Тереңөзек кентінде өткен есеп беру жиынында айтты.

«Мәдениет саласын дамыту – маңызды бағыттардың бірі. Биыл ауданнан шыққан ақындардың аудио антологиясын шығару жоспарлануда. Бұл жұмыстармен жерлесіміз, айтыскер ақын Нұрмат Мансұров пен айтыскер ақын, «Алтын домбыраның» екі мәрте иегері Мұхтар Ниязов айналысуда. Қазіргі таңда ақындардың тізімі, өлеңдері жинақталуда. Жыл аяғына дейін ұлттық телевизия мен радионың, облыстық телеарнаның және радионың алтын қорындағы шығармалар жинақталады» деді аудан әкімі.

Айта кету керек, аудан ақындарының шығармашылығын насихаттау мақсатында жарыққа шығатын антологияны сапалы, уақытылы құрастыру үшін арнайы көркемдік кеңес құрылған. Оның құрамында аудан әкімінің салалық орынбасары, мәдениет саласының басшылары, жергілікті ақындар мен ардагерлер бар.
22 қаңтар 2020 ж. 505 0