Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманкелдіде өткен есепті жиын

Аманкелдіде өткен есепті жиын

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Аманкелді ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті.

Есеп беру жиынына облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғ.Байменова, облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемұлы 2019 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

– Өткен жылы ауданымыз үшін өте маңызды құжат – 2020-2022 жылдарға арналған ауданның бюджеті қабылданды. 2018-2020 жылдары өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды. 2019 жылы аудан бойынша 852 млн.теңгенің 375 жобасы қаржыландырылып, 400-ге жуық жұмыс орны құрылып отыр. Кәсіпкерлік саласында атқарылған жұ¬мыстар нәтижесінде 2020 жылдың 1 қаңтарына ауданда тіркелген шағын және орта кә¬сіп¬керлік субъек¬тілерінің саны 192 бірлікке ұлғайса, жұ¬мыс жасайтын субъек¬тілердің саны 275 бір¬лікке артты,- деген аудан басшысы аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтудың қазіргі таңдағы негізгі көзі жаппай кәсіпкерлікті дамыту екенін айтты.

Есепті кезеңде жүзеге асырылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өткен аудан басшысы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің ішіндегі жұмыс жасайтындардың үлесі 2019 жылдың 12 айында 91,3 пайызға артқанын жеткізді
Есеп беру жиыны барысында Аманкелді ауылдық округінің әкімі Қ.Құлымбетов, Аманкелді ауылдық учаскелік полиция инспекторы Б.Жармаханов есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебін берді.

Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін аудан басшысы ағымдағы жылы ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықты төмендету және салық базасын ұлғайтуға ерекше басымдық берілетінін атап өтті.
17 қаңтар 2020 ж. 648 0