Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Парасаттылық мектебі қандай қызмет атқарады?

Парасаттылық мектебі қандай қызмет атқарады?

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұсынысын қолдай отырып, бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанында жұмыс жасап жатқан «Парасаттылық мектебінің» жұмыс тәжірбиесімен бөлісті.
«Парасаттылық мектебінің» негізгі мақсаты – білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық, парасаттылық және әділдік қағидаттарына тәрбиелеу, сонымен қатар, халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту және енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы А.Ж.Шпекбаев «басты қызметіміз – сыбайлас жемқорлыққа жол берген адамдарды ұстап алу, жазалау ғана емес, қоғамда, соның ішінде жастар арасында бұл құбылысқа мүлдем төзбеушілік, оны қабылдамайтын мінез-құлық қасиеттерін, мәдениетін қалыптастыру» деген басты ұстанымын жүзеге асырудағы «Парасаттылық мектебінің» үлесі зор.
Кездесу барысында мәжілісмодераторы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Л.М.Қаржаубаева болып, университеттің тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасының басшысы Ж.Н.Базартай «Парасаттылық мектептебінің» жұмыс барысы туралы баяндап, өзық тәжірбиелерімен бөлісіті.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ғ.Ұ.Әлімқұлова «жаһандану жағдайындағы ақпараттық технология үстемдік құрған қазіргі таңда жастарымыздың бойында парасаттылық секілді ізгі қасиеттерді қалыптастыру басты міндеттердің бірі» екендігін атап өтті.
Бүгінгі өткен талқылау мәжілісіне облысымыздағы орта және жоғары оқу орындарының өкілдері, «Парасаттылық мектептерінің» жетекшілері қатысты. Мәжіліс барысында «Парасаттылық мектебінің» 2020 жылғы жұмыс жоспарын талқылап, алда қойылған міндеттерге жету үшін пікір алмасты.






15 қаңтар 2020 ж. 1 019 0