Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әлеуетті бағалау» кезеңінің қорытындысы шықты

«Әлеуетті бағалау» кезеңінің қорытындысы шықты

Өткен кезеңнің нәтижелері бойынша келесі кезеңге «Сарапшылық комиссиясында әңгімелесуге» 400 қатысушы жіберілді. Келесі кезеңге өткен қатысушылардың толық тізімі Pkrezerv.kz сайтында жарияланған.
Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар орталығындағы баспасөз конференциясы барсында Агенттік төрағасы А. Жаилғанова мәлімдеді.
Тестілеуді верификациялаудан кейін «Әлеуетті бағалау» кезеңіне 549 адам жіберілді.
«Әлеуетті бағалау» - Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдерінің ең маңызды кезеңі екенін атап өту керек. 100 ең жоғары мүмкін балдан оның үлесіне 60 бал келеді (жобаны таныстыру - 9%, эссе - 15%, құзыреттілікті бағалау - 36%).
Осы кезеңде қатысушылар міндетті түрде pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйесінде бейне және аудиофиксация арқылы қашықтықтан эссе жазып, өз презентацияларын ұсынды, одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында өз құзыреттіліктерін бағалаудан өтті.
Эссе мен жеке жобалық жұмыстарды академиялық ортаның өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен зерттеу мекемелерінің өкілдері бағалағанын атап өтемін.
Ассессментте бағалауды халықаралық сертификациясы бар, тиісті оқудан және дайындықтан өткен асессорлар жүргізді. Барлық процесті SHL компаниясының тәжірибелі супервайзерлері сүйемелдеді. Барлық нәтижелер бағалаушылар мен қоса супервайзерлермен де талданды.
Құрметті журналистер, қатысушылар құрамы бойынша кішігірім статистиканы келтіргім келеді.
«Әлеуетті бағалау» кезеңіне қатысушылардың жалпы санынан 36% квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін тұлғалар, 33% - жеке сектордан және 31% - мемлекеттік қызметшілер.
Алдыңғы қатарлы шетелдік білімі бар үміткерлердің үлесі 47,3% (250 адам) құрайды, 52,7% (278 адам) - бұл қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысушылардың экономиканың түрлі салаларында үлкен тәжірибесі бар. Олардың көпшілігі ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істейді немесе жұмыс істеген.
Кең өңірлік құрылымды бөлек атап өтейін. Қатысушылар арасында еліміздің барлық аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден (Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай, Ресей, Түркия және Әзірбайжан) өкілдер бар.
Ұлттық әр алуандықты да атап өтуге болады: олар қазақтар, немістер, орыстар, татарлар, әзірбайжандар және армяндар.

ҚР МҚІА баспасөз қызметі
21 қараша 2019 ж. 368 0