Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауқымды жобаға шетелде қызығушылық арта түсті

Ауқымды жобаға шетелде қызығушылық арта түсті

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңі - Сарапшылық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу 27 қараша-13 желтоқсан аралығында өтеді.
Бұл жөнінде агенттік төрағасы А.Жаилғанова баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.
Әңгімелесу процесінің ашықтығы үшін Сарапшылық комиссияға жұртшылық өкілдерімен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілгенін атап өткім келеді.
Осы әңгімелесудің қорытындысы бойынша кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылған 330 үміткерден аспайтын тізім қалыптастырылады. Ұлттық комиссияның отырысын ағымдағы жылдың соңына дейін өткізу жоспарланып отыр.
Кейіннен резервке енген 300 жас маман салалар бойынша және олардың жоғары мемлекеттік лауазымдарға ұсынуға дайындық дәрежесі бойынша сараланатын болады.
Қажет болған жағдайда, олар Мемлекеттік басқару академиясы базасында, сондай-ақ үздік әлемдік білім беру орталықтарында қажетті құзыреттер мен дағдыларды арттыру үшін қысқа мерзімді курстардан немесе ұзақ мерзімді оқудан өтеді.
Әрбір резервші үшін оның тобына байланысты жеке мансаптық жоспар жасалады. Жоспардың түпкі мақсаты дәйекті мансаптық өсу жолымен мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың жоғары лауазымдарына резервшіні тағайындау болады. Бұл ретте, резервшілердің мансаптық жоспарлары нәтижелеріне қол жеткізу мониторингін Агенттік жүзеге асырады.
Ел Президенті айтып өткендей, «Жастар Қазақстанның даму жолында шешуші рөлді атқарады. Прогрестің қозғаушы күші де біздің жастарымыз».
"Ел Президентімен жарияланған Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу – бұл жас қазақстандықтар үшін жаңа деңгейге көтерілудің бірегей мүмкіндігі және қуатты әлеуметтік лифт.
Қазіргі уақытта «Президенттік жастар кадр резерві» жобасы шетелде де қызығушылық тудыруда. Ағымдағы жылдың қазан айында Агенттік жобаны Сингапурда ұсынды. Өткен аптада біз оны Париждегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару комитетінің 60-шы отырысы аясында таныстырдық.
Мен Қазақстанды жоғары деңгейге көтере алатын үздік әлеуетті басқарушылар пулын қалыптастыра алатынымызға сенімдімін.
Президентіміздің бастамасына сәйкес жүргізіліп жатқан бұл жұмыс қолданыстағы жоспарларға сәйкес жалғасатын болады", - деді А.Жаилғанова.

ҚР МҚІА баспасөз қызметі
21 қараша 2019 ж. 290 0