Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Egemen Qazaqstan» мерейтойында әріптесіміз жүлдеге ілікті

«Egemen Qazaqstan» мерейтойында әріптесіміз жүлдеге ілікті

Елордада «Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымы 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Салтанатты шарада жас тілшілердің арасында жарияланған «Үміт» конкурсының жүлдегерлері марапатталды, – дейді Kyzylorda-news.kz.
Конкурсқа қатысқан жас тілшілердің арасында әріптесіміз, «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Ерасыл Шәрібек жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. 
Ерасыл Шәрібек «Egemen Qazaqstan»  газетінің тарихына үңіліп, онда қызмет еткен Қалқаман Әбдіқадыровтың қалай жұмысқа тұрғанын, Ұзақ Бағаевтың азаматтық ұстанымы туралы қызықты деректер жинақтап «Өткеннің өнегесі өшпейді» тақырыбындағы мақаласы үшін марапатталды. Жас тілшіге 300 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз.
[video=|]
21 қараша 2019 ж. 450 0