Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Оқушылар дүниежүзілік сабаққа қатысты

Оқушылар дүниежүзілік сабаққа қатысты

Бүгін аудан мектептерінде "Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ" тақырыбымен жоғары сынып оқушыларымен Дүниежүзілік сабағы өтті.

Сабақты құқық қорғау саласының өкілдері, заңгерлер, үкіметтік емес ұйым мүшелері жүргізді.

Сабақты өткізудегі мақсат: оқушылар мен жасөспірімдердің өздеріне тиесілі ерекше қорғалу және көмек алу құқықтарын сезінуіне, мемлекет пен әрбір азаматтың әр адамның тағдыры, Отанымыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін өзара жауапкершілігін сезінуіне жәрдемдесу.

Сабақ барысында оқушыларға "Бала құқықтары туралы" Конвенция туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сондай-ақ аталған Конвенцияның баптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, 2019 жыл Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылданғанына – 30 жыл және ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу жылы болып белгіленген болатын.

Сабаққа мектеп директорлары мен орынбасарлары қатысты.

"ТТ ақпарат
13 қараша 2019 ж. 1 279 0