Аудан басшысы қандай сабаққа қатысты?
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау тұрғысында республика көлемінде жұртшылықты ортақ мүддеге жұмылдырған жарқын бастама басталды. Республика көлемінде мектептерде "Эко сағат" акциясы ұйымдастырылып, оқушылар ағаш отырғызу ісіне атсалысты. Мұндай игі бастамаға аудан оқушылары да үн қосып, №36 Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдегі ашық сабаққа аудан әкімі Рүслан Рүстемов қатысты.
Мектеп-лицейдегі ашық сабақ 9 сыныпта өткізілді. Онда химия, биология пәнінің мұғалімі Үміткүл Батишева сабақ жүргізіп, оқушыларға табиғатты қорғау – адамның міндеті екенін түсіндірді. Қоршаған ортаны ластаудың қоғамға тигізер зияны көп екендігін жеткізді. Бұл тұрғыда оқушылар да өз пікірлерін қосты. «Эко сағатта» аудан басшысы айналаны таза ұстау – баршаға ортақ іс екенін айтты. – Адамзат баласы табиғатқа ерекше құрметпен қарайды. Өйткені адам – табиғаттың бір бөлшегі. Оның тазалығын сақтау – өмір сүру мәдениетінің көрсеткіші саналады. Сондықтан әрбір азамат қоғамның тазалығына мән беріп, ластамауы қажет. Осы тұста, қазақтың ең алғашқы экологы Асан қайғы болған. Ол қазаққа құтты мекен іздеп, табиғаттың болжамшысы, бағдаршысы болды. Желмая мініп, жерұйықты іздеп, әр өңірдің табиғатын бізге сипаттап берді. Сыр бойына табан тірегенде «Басың байтақ, аяғың тайпақ қоныс екенсің. Жаз жайлауда Қаратауды жайлап, қыста Сырдың бойын қыстасаң, нағыз өмір сүретін орта екен» депті. Бұл жердің табиғаты бір қарағанда қаталдау болып көрінгенімен, Асан қайғы бабамыз айтқандай, әрбір бұтаның түбі бір асым ет. Сондықтан осындай қасиетті өңірдің табиғатын қорғау, тазалығын сақтау әрбір адамның – ортақ міндеті, – деді аудан әкімі. Акция аясында Руслан Рүстемұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлымен бірге №36 Ә.Тәжібаев мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларымен білім ордасының ауласына ағаш отырғызды. Бұл күні мектеп-лицей ауласына 20-дан аса көшет егілді. Аудан басшысы оқушыларды табиғатты аялап, туған өлкені көркейтуге шақырды.

Е.БЕРКІНБАЕВ