Аудан әкімі өзге этнос өкілдерімен кездесті
Аудан әкімі Руслан Рүстемов аудандағы өзге этнос өкілдерімен кездесті. Мекемелер үйінде өткен басқосуда ұлттық бірлікті сақтау, бірегейлік қағидатын ұстану және қалыптасқан тату тірлікті жалғастыру секілді тақырыптар кеңінен қозғалып, жарасымды әңгіме өрбіді.
Аудан басшысы кіріспе сөзінде берекелі іске бейім аудандағы бекем бірлік пен тату тірліктің астарында өзара түсіністік пен сыйластық, бауырмалдық пен құрмет секілді баға жетпес құндылықтар бар екенін айтты. Сонымен бірге, әлем мемлекеттерінің ішінде Қазақ еліндегі өзге этнос өкілдеріндей бір шаңырақтың астында бақытты өмір кешіп жатқан халық жоқ екенін атап өтті.
– Халқымыз татулықты ту етуінің негізінде талай тағдыр талқысынан аман өтті. Өткеніміз бен бүгінімізге көз жүгіртер болсақ, ата-бабаларымыздың әрқашан бірлікті жақтағанын, қонақжайлық қағидатын ұстанғанын аңғарамыз. Бүгінгі бейбіт күнге де бірліктің, татулықтың, келісімнің арқасында жеттік және оған өзге этнос өкілдері күш-жігерін аямай атсалысты. Сондықтан біздің Ата Заңымыз
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп басталады. Бұл ретте елдегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауда айрықша үлесі бар Қазақстан Халқы Ассамблеясының жасампаз жұмыстары қай қырынан алсақ та үлгі-өнеге екенін атап өткеніміз жөн. Елбасының тікелей бастамасымен құрылған бірегей институт бүгінде Біріккен ұлттар ұйымының, өзге де әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен саясаткерлердің жоғары бағасына ие болды. Өйткені, Тәуелсіздік алған күннен бастап, тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығы біз үшін алтын тұғыр болып келеді. Азат елдің басты байлығы болған мызғымас бірлік қазақтың ұлан-байтақ даласының кеңдігін де, елдігіміз бен ерлігімізді бойына сыйғызған құдіретті ұғымға айналды. Біз ортақ мақсаттарға бет түзеп, дамудың даңғыл жолына түскенімізді мақтаныш етеміз. Кеңес Одағы ыдырап, ел егемендігін алған тұста республика бойынша қазақ ұлтының үлесі аз болды. Бірақ, сол тұста өзге этнос өкілдері қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін бекіту жөнінде түскен ұсынысты бірауыздан қолдап, ұлтымызға айрықша құрмет көрсетіп, қолдау білдірді. Қиын кезеңге қарамастан «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бағдарлы болашақтың бар екеніне сенім артты. Сол сенім мен үміт біздің күш-қуатымызға айналып, биыл ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығына қадам басып отырмыз, – деген аудан басшысы үдеудің сыры бірлікте, жүдеудің сыры алауыздықта екенін атап өтті. Сондай-ақ, Сырдария ауданында негізі қаланған Қоғамдық кеңес жұмысы қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде тәжірибеге енгізілгенін, тіпті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанын жеткізді.

Кездесу барысында кәріс ұлтының өкілі Татьяна Ким өз өмірін қазақ халқынсыз және Тереңөзексіз елестете алмайтынын айтты. Қазақ ұлтымен арадағы бауырмалдық қатынас бүгінде туыстыққа ұласқанын жеткізіп, немерелері қазақ мектебіне баратынын атап өтті. Ал аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Елена Мясцова аудан көлеміндегі іс-шараларға белсене қатысып, өзінің білімін, тәжірибесін қоғам дамуына жұмсап келе жатқанын айтты. Ұлы Никита Мясцовтың түрлі өнер байқауларында жеңімпаз атанып, аудан абыройын асқақтатып жүргенін жеткізді. Өз кезегінде Шаған ауылының тұрғыны Татьяна Казка қазақ ұлтының келіні екенін негізге алып, сөзінің басын иіліп сәлем берумен бастады. Қызын қазақ халқының салт-дәстүріне сәйкес ұзатқанына назар аударып, отбасында қазақы тәлім-тәрбиеге баса мән беретінен мысал келтірді.
Басқосуда Гульюзум Кокшарова жақында туған жердің қадір-қасиетін дәріптеуге арналған аудандық мүшәйра жеңімпазы атанғанын айтып, Тереңөзек кенті жөнінде жазған өлеңін зор тебіреніспен оқып берді. Жалынды жас Евгения Кощереченко өзінің қазақ ұлтына және елдегі бірлікке деген пікірін жыр тілінде жеткізсе, көпбалалы ана Елена Голобородко қазақ ұлтының келіні болғанын мақтаныш санайтынын және ұл-қыздарының қазақ балаларымен тату дос екенін атап өтті. Кездесуде есімі облысқа белгілі әнші Никита Мясцов дарынды сазгер Кеңес Дүйсекеевтің «Туған жер» әнін шырқаса, Константин Луца аудан жаңалықтарын әлеуметтік желідегі парақшалар мен аудандық газеттен үзбей оқитынын, Тереңөзек топырағында өсіп-өнгенін, қанаттанғанын мақтан ететінін атап өтті. Сондай-ақ, аудандағы өзге этнос өкілдерінен құралған «Достық» ансамблі хормен ән айтты.
Әсерлі әңгіме мен өзара түсіністік жарасым тапқан басқосу соңы естелік суретке түсумен қорытындыланды. Аудан әкімінің атынан кездесуге қатысушы өзге этнос өкілдеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ