Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Татулық тірегі

Татулық тірегі

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдан бастап бірлік пен татулықты ту етіп, жарқын жетістіктерді бағындырды. Игі істерге өзге этнос өкілдері де үлес қосып, ортақ Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында қажырлы еңбек етті. Сол себепті бүгінде ел азаматтары бірауыздан бағытымыз – бірлік, тұғырымыз – татулық деген ұрансөзді басшылыққа алады.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Мирас» қоғамдық бірлес­тігінің ұйымдастыруымен «Біртектілік және бірлік» тақырыбында жиын өт­ті. Жиналысқа Қазақстан халқы ассам­блеясының аудандағы мүшелері, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым жетек­шілері және өзге этнос өкілдері қатысты.
Жиынды «Қоғамдық келісім» меке­месінің аудан бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы А.Қа­сым­ова ашып, «Мәңгілік ел» ұлттық идея­сы төңірегінде кеңінен ой қозғады. Патриоттық сезімнің негізі Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алатынын айтып, ұлттың болашағы отбасындағы бірлік пен өзара түсінісуге тікелей байланысты екенін тілге тиек етті. Жиын барысында Қазақстан халқы ассамблеясының аналар кеңесінің мүшесі Ұ.Жанәлиева сөз сөйледі және өзге этнос өкілдері өз ойларын ортаға салып, пікір бөлісті.

Майя ҚОЖАБАЙ

29 қазан 2019 ж. 1 098 0