Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Халық қалаулылары тұрғындарды қабылдады

Халық қалаулылары тұрғындарды қабылдады

Ауданға сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Г.Әбдіхалықова, Н.Әлімжанов, Б.Смағұл «Nur Otan»  партиясы Сырдария аудандық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда кент  тұрғыны, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенов аудан орталығындағы тұрғын үй кварталында салынуы жоспарланған 4 көп қабатты тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мәселесін көтерді. Баспана мәселесінің маңыздығын айтқан еңбек ардагері депутаттардан тұрғын үйге қаржы бөлуге қолдау көрсетуді сұрады. Мәжілісмендер тиісті салалық министрлікке нақты ұсыныс енгізілетінін айтып, мәселе назарда болатынын жеткізді.
Сондай-ақ қабылдауда «Шаған-Жер» ЖШС төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Б.Қадіров «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойындағы Шаған ауылының тұсынан айналма жол салу және аталған жолдың аймақтағы бөлінісін төрт жолақты ету жөнінде ұсынысын білдірді. Кент тұрғыны А.Сапарова мен К.Әбибуллаева жұмыс қызметін бір жыл мерзімге ұзарту және тұрақты жұмысқа орналасу бойынша өз сауалдарын жолдады. Аталған мәселелер бойынша Г.Әбдіхалықова аудандағы тиісті мекеме, бөлім басшыларына тапсырма берді.
08 қараша 2019 ж. 911 0