Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі медициналық пойыз қанша мың адамға қызмет көрсетті?

Екі медициналық пойыз қанша мың адамға қызмет көрсетті?

«Денсаулық» медициналық пойызы Қызылорда облысының 12 станциясы бойынша өз жұмысын аяқтады: пойыз дәрігерлері жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар күрделі ауруларды анықтап, одан әрі емделу мен тексерілуге жолдамалар берді.
Қазіргі уақытта медициналық пойыз Түркістан облысында жұмысын жалғастырып жатыр.
ДәрігерлерҚазақстанның әр аймағында экологияға және аймақтық ерекшеліктерге байланысты спецификалық проблемалы жағдайларды анықтап жатыр. Балалар мен ересектердің арасында анықталған аурулар сан жағынан да ауру дәрежесінің күрделілік деңгейі жағынан да өсіп жатыр.
Жиі кездескен аурулар қатарында: қант диабеті, гипертензия, ревматоидты артрит және онкологтың қабылдауында пациенттердің барлығында дерлік мастопатия белгілері анықталды.
Қызылорда облысындағы медициналық тексерулердің статистикасы келесідей: дәрігерлер барлығы 10 393 науқасты қабылдаған, оның ішінде 554 бала.
Медициналық пойыз кішігірім хирургиялық операциялар мен скринингтер жасау үшін қажетті құралдармен жабдықталған. Осылайша, пойызда 312 шағын хирургиялық ота жасалды, 610 ЭКГ процедурасы, 617 УДЗ және 199 флюорография жасалды.

Қызылорда облысында тұрғындар ең көп барған дәрігерлер: офтальмолог – 805 адам қабылдады, 705 тұрғынды тексеріп үлгерген стоматолог, нәтижесінде 298 тіс жұлынған. Сондай-ақ, 610 адам кардиологтың, 705 тұрғын ЛОР дәрігердің және 668 тұрғын уролог дәрігердің қабылдауында болған.
 «Үздіксіз қайталанатын эпилепсия ауруы бар бір бала «Ақсай» Республикалық балалар ауруханасына жатқызылды. Ең көп таралған патология - темір тапшылығы анемиясы, балалардың 80% -да кариес бар, балаларда ғана емес, ересектер де кездеседі»,- дейді Татьяна Имамбаева, педиатр, медицина ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық медициналық университетінің балалар аурулары кафедрасының профессоры.
Медициналық пойыз мамандардың кең спектрімен жұмыс істейтін клиникалары жоқ елдің шалғай аудандарында тегін медициналық көмек көрсетеді. Тұрғындар пойыз дәрігерлеріне емделуге, тексеруден өтіп, денсаулықты сақтау бойынша кеңестері үшін шынайы ризашылықтарын білдіріп жатыр. Көптеген пациенттер ақысыз және сапалы медициналық көмек алу үшін медициналық пойызды асыға күтетіндерін айтады.
«Денсаулық» пойызы біздің Бекбауыл бекетіне келді. Мен барлық дәрігерлердің қабылдауында болдым. Дәрігерлердің қабылдауы мен тексеруі өте жоғары деңгейде. Қысқаша айтқанда, мен дәрігерлердің көмегіне өте ризамын. Оларға алдағы жұмыстарында табыс тілегім келеді»,- дейді Бекбауыл бекетінің тұрғыны Тоғжан Жүсіпова.
Естеріңізге сала кетсек, жоба 29 сәуірден бастап жүзеге асырылып келеді және оның басты мақсаты еліміздің шалғай аудан тұрғындарын тегін медициналық қызметпен қамту. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырып жатыр.
2019 жылдың 20 тамызында «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылған болатын. Ол «Денсаулық» пойызы сияқты медициналық көмекке қолы жетпейтін шалғайдағы станциялар мен жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Екі пойыздың іске қосылу уақытынан бастап барлығы 50 000 астам адам тексерістен өткен.
Пойыз вагондары неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюорографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Пойызкестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресмисайттарындатанысааласыздар.

«Samruk-KazynaTrust»
Әлеуметтікжобалардыдамытуқорының
Корпоративтіккоммуникациялар
Департаменті
05 қараша 2019 ж. 433 0