42,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАЙ САЛАҒА БӨЛІНДІ?
Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалының медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Гүлнар Кенжебаеваның айтуынша, үстіміздегі жылдың 2 тоқсаны бойынша медициналық ұйымдары 67,7 млн. теңгеден асатын ақауларды анықтады.
Мониторинг барысында анықталған негізгі кемшіліктер: емдеу-диагностика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру, медициналық қызмет ақысын негізсіз қымбаттату. Өңірлік комиссияның шешімі бойынша осы аталған қаражат қажеттілігі мен басымдығы бойынша облыстың медициналық ұйымдарына қайта бөлінетін болады.
Айта кетейік, 2019 жылы медициналық ұйымдарға халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуге 42,4 млрд теңге бөлінді. Осылайша, тегін медициналық көмекке бөлінген қаржыландыру көлемі биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда 8,5% - ға артық.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы медициналық қызметтерді сатып алып қана қоймай, көрсетілген қызметтердің сапасын тексереді. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа 74 медицина ұйымы қызмет көрсетті, оның 44 – жеке меншік.
Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекті жеткізушілердің мониторингін «медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесінде күн сайын жүзеге асырылады. Бұдан басқа, мониторинг медициналық мекемелерге бару арқылы жүргізіледі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі