Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Тас төселіп, жол жөнделді

Тас төселіп, жол жөнделді

Аудан әкімі Руслан Рүстемов фейсбук парақшасында жариялаған жазбасында аудан орталығындағы «Теплоснаженец» саяжайы аумағын аралап көргендігі жөнінде кеңінен ақпарат берді.
–«Теплоснабженец» саяжайына бардым. Саяжай аумағындағы жол мәселесі бірнеше жылдан бері өзекті тақырыпқа айналды. Жолдың жөндеуді қажет ететінін саяжайға келушілер әлеуметтік желіде де бірнеше мәрте көтерген еді. Осыған байланысты бюджеттен тыс көздерден, яғни демеушілердің қолдауымен саяжай жолына тас төселінді. Бүгін сол жұмыстарды көзбен көріп, саяжай аумағын араладым.
Саяжайға кіреберіс 400 метр жерге тас төселді. Тас арнайы техникалармен тегістеліп, жайылған. Енді жаңбырлы күндері бұрынғыдай автокөліктер батып қалмайды деп ойлаймын.
Жалпы, «Теплоснабженец» саяжайына елді мекен статусы берілмеген. Өйткені, тұрғындардың саны жетпейді. Сол себепті, бұл маң бас жоспарға да енбеген. Яғни, бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігі жоқ. Бірақ, біз тұрғындардың қажеттілігі үшін тиісті шаралар қабылдап, жұмыстар жүргізетін боламыз.
Саяжай аумағын аралау барысында жолдың жиегіне шашылған қоқыстарды аңғардым. Осы ретте, саяжайға келушілерді тазалықты сақтауға шақырамын. Мүмкін саяжайға барар жолды ретке келтіру мақсатында арнайы сенбілік ұйымдастырғанымыз жөн болар, – депжазады аудан әкімі фейсбук парақшасында.

"ТТ"-ақпарат
03 қараша 2019 ж. 727 0