Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жастарға артылған зор сенім

Жастарға артылған зор сенім

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жас­тарға үлкен сенім артты. Мемлекет бас­шысы алғашқы Жолдауында арнайы да­йын­дығы бар жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту қажеттігін айтты. Осы орайда, Президенттік жастар кадрлық резервіне өткізіліп жатқан іріктеу сол тапсырмалардың іске асырылуының нақты айғағы.
Кадрлық резервке іріктеудің өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, резервке үміт­керлерге қойылатын біліктілік талаптардың қолжетімділігі қуантады. Себебі, әрбір 35 жасқа дейінгі азаматтың 5 жылдық еңбек өтілі болуы шарт. Демек жастардың басым көпшілігіне өзінің бақтарын сынап көруге мүмкіндік жасалады. Екіншіден, үміткерлердің санына шектеудің қойыл­мауы. Үшіншіден, іріктеуге қатысудың шығын талап ет­пеуін­де. Себебі, іріктеудің көптеген кезеңдері онлайн түрде өткізіледі.
Қорыта айтқанда, Президенттік жастар кадрлық резерві көзінде оты бар, жүрегі елім деп соғатын жалынды жас­тарды іріктеп, олардың кәсіби және тұлғалық тұрғыда дамуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.


Ғани ОРАЛОВ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директоры
02 қараша 2019 ж. 780 0