Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік қолдаудың кешенді шаралары

Әлеуметтік қолдаудың кешенді шаралары

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша медиа-жоспарының талаптарын іске асыру мақсатында Сырдария аудандық ақпараттық-насихаттық топ тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізді.

Топ мүшелері аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Е.Зұлқарнаев пен осы бөлімнің бас маманы Қ.Сарсенбаева ауданның елді мекендерінде болып, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қолдау шараларының кешенді тәсілі мен атаулы сипатын қабылдауды қарастыратын заң жобасын таныстырды. Жаңа шартқа сәйкес мемлекеттік жәрдемақы төмендегі талапқа сәйкес тағайындалатын болады.

1) 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар барлық көп балалы отбасыларға;

2) Отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының арасындағы айырмашылық ретінде тоқсан сайынғы АӘК тағайындалады. Бұл жағдайда отбасының жұмысқа жарамды мүшелері жұмыс істеуі тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға және бизнеспен айналысуға жәрдемдесетін болады;

3) Мемлекеттің аз қамтылған отбасылардағы балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуі: 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен, ал 6 жастан 18 жасқа дейін мектептерде тегін ыстық тамақпен, қалалық қоғамдық көлікте күнделікті тегін жол жүрумен, мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар жиында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылатындығы туралы ақпарат берілді. Бұл еліміздің әрбір азаматына қатысы бар реформа. Осыған сәйкес медсақтандыру деген не, оның тиімділігі мен берер мүмкіндіктері туралы аудандық аурухананың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жауапты маман С.Ерімбет толық мағлұмат берді.
– Алдымен мәртебеңізді анықтаңыз. Әлеуметтік мәртебені egov.kz порталы арқылы білуге болады. Сонан соң емханаға тіркеліңіз. Емханаға тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады. Сіз ауыл, елді мекен, қала, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қаладағы немесе елордадағы бір ғана емхананы таңдай аласыз, – деді дәрігер С.Ерімбет.

"ТТ" ақпарат
30 қазан 2019 ж. 734 0