Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мемлекет басшысы адвокат Айман Омаровамен кездесті

Мемлекет басшысы адвокат Айман Омаровамен кездесті

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды akorda.kz
Белгілі заңгер, адвокат Айман Омаровамен кездесуде азаматтардың құқығын қорғау және осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, А.Омарова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 130-бабының қылмыстық мазмұнын өзгерту және 174-бабына түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев А.Омарованың бастамасының маңызды екенін атап өтіп, кемсітушілікке қарсы заңнама нормаларын енгізгенде шетелдік тәжірибені қолдану қажеттігін айтты.
Саясаттанушы Данияр Әшімбаевпен әңгімелесу барысында сарапшылар қауымдастығы мен жұртшылықты белсенді тарта отырып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына бақылауды күшейту жайындағы ұсыныстар қаралды. Қоғам қайраткері Ауыт Мұқибекпен кездесу кезінде миграция және көші-қон туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері көтерілді. Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысының «оралман» сөзінен бас тартып, оны «қандастар» деп өзгерту жөніндегі бастамасын қолдайтынын айтты.




24 қазан 2019 ж. 508 0