Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі мүшелерінің тізімі бекітілді

Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі мүшелерінің тізімі бекітілді


baribar.kz.Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 
Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Жарлық бойынша Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау. Ұлттық кеңес ҚР Конституциясын, заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, өзге де норматив-құқықтық актілерді және осы ережені басшылыққа алады.
Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері: тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу, жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау, жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету, өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру.
ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің құрамы
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті, төраға
Қырымбек Көшербаев
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы, төраға орынбасары
Ерлан Қарин
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы
Қайырбек Арыстанбеков
Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша)
Жамбыл Ахметбеков
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Берік Әбдіғалиұлы
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің “Архив-2025” ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы (келісім бойынша)
Мұрат Әбенов
қоғам қайраткері, “Серпін” Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша)
Азаматхан Әміртаев
“Байтақ болашақ” экологиялық альянсы” республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Данияр Әшімбаев
қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
Арманжан Байтасов
Қазақстан Медиаодағының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)
Бақытжан Бұқарбай
қоғам қайраткері, “Мен ояндым” акциясына қатысушы (келісім бойынша)
Михаил Дорофеев
журналист, Informburo.kz мультимедиалық ақпараттық-талдау порталының бас редакторы (келісім бойынша)
Дания Еспаева
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Ораз Жандосов
“Ракурс” экономикалық талдау орталығының директоры (келісім бойынша)
Қайрат Жолдыбайұлы
қоғам қайраткері,  дінтанушы (келісім бойынша)
Расул Жұмалы
қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
Гүлмира Илеуова
әлеуметтанушы, “Стратегия” әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша)
Қазыбек Иса
қоғам қайраткері, “Қазақ үні” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша)
Рауан Кенжеханұлы
“Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Талғат Қалиев
“Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының директоры (келісім бойынша)
Асылбек Қожахметов
“Қазақстанның Азаматтық альянсы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Жәнібек Қожық
қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Дәурен Қуат
журналист, “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Сейдахмет Құттықадам
қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Бағдат Мусин
кәсіпкер, IT-маман (келісім бойынша)
Ауыт Мұқибек
қоғам қайраткері, Nur Otan партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты (келісім бойынша)
Абылай Мырзахметов
“Атамекен” Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Саясат Нұрбек
саясаттанушы, BTS Digital білім беру жобаларының басшысы (келісім бойынша)
Қанат Нұров
Алматы жоғары басқару мектебінің және “Аспандау” ғылыми-білім беру қорының президенті (келісім бойынша)
Айман Омарова
адвокат, “Құқық қорғаушылар” қоғамдық қорының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)
Айгүл Орынбек
құқық қорғаушы (келісім бойынша)
Рахым Ошақбаев
“Талап” қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Nur Otan партиясы саяси кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
Төлеутай Рақымбеков
“Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Асхат Садырбай 
 
Ерлан Саиров
Team Qazaqstan жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша) 
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Айдос Сарым 
 
 
Максим Споткай
қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша) 
 
Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, “Жаңғыру жолы” республикалық жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)
Мұхтар Тайжан
қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Жеміс Тұрмағамбетова
“Адам құқықтары хартиясы” қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Ермек Тұрсынов
Қазақстан киноматографистер одағының төрағасы, режиссер (келісім бойынша)
Бекболат Тілеухан
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Андрей Чеботарев
Андрей Евгеньевич
“Альтернатива” өзекті зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша)
Марат Шибұтов
“Транспаренси Казахстан” қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Арман Шораев
“Қазақстан барысы” даму қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
17 шілде 2019 ж. 706 0