Заң бұзған азамат ұсталды
Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасымен уәкілетті органдармен табиғат қорғау заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді.
Анықталғаны, Қызылорда облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы 1-бөлігімен «М» есімді азамат жауапкершілікке тартылып, одан 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы алынған.
Кейіннен, қаруды заңсыз сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны бойынша процестік шешім қабылдау үшін «М» есімді азаматқа қатысты іс-құжаттардың көшірмесі және алынған аңшы мылтығы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жолданған.
Өз кезегінде, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік инспекторы «А»-мен іс-бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасау құралы ретінде 16 калибрлі басқа аңшы мылтығы танылып, алынған 12 калибрлі аңшы мылтығы құқықбұзушыға заңсыз кері қайтарылған.
Осы факт бойынша Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасымен ҚР ҚК 416-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасы