Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Абай-Дәулетке» дауыс берейік

«Абай-Дәулетке» дауыс берейік

11-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Қазақстанның үздік тауары - 2019» көрме-байқауына қатысқан 153 компанияның ішінде 27 отандық тауарөндіруші финалдық кезеңге өтті.
Қызылорда облысынан финалдық кезеңге «Абай-Дәулет» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша финалдық кезеңге жолдама алып отыр. Кеше, яғни 15 қазан мен 25 қазан аралығында онлайн дауыс беру кезеңі өткізіліп, нәтижесімен жеңімпаздар анықталады.
Жергілікті тауарөндірушіміз жеңімпаз атансын десек төмендегі сілтемеге өтіп, белсенді дауыс берейік  https://golos.altynsapa.kz/
Анықтама үшін:«АБАЙ-ДАУЛЕТ» ЖШС – 2016 жылы құрылған. Жұмысшылар саны – 80. Кәсіпорын директоры – Сарсенбаев Мұрат Абайұлы. Кәсіпорынның басты кәсібі – күріш өңдеу. Шаруашылықта заманауи, жоғары автоматтандырылған күріш зауыты бар, Бесарық және Байтабын шаруашылықтары жаңа прогрессивті технологияларды және техникалық жаңаруды қолдану арқылы күріш өнімділігін тұрақты түрде арттыра отырып күрішпен қамтамасыз етуде. Жыл сайын нарыққа шығатын өнім көлемі артып келеді. Күріштің бірнеше түрлерін өндіреді. Жақында сағатына 7 тоннадан астам өнім өндіретін жаңа зауытты іске қосты. Кәсіпорында қалдықсыз өндіріс жолға қойылған. Күріш қалдықтарын жем дайындауға пайдаланады. Өнім Қазақстанның барлық облыстары мен ТМД елдеріне экспортталады. Шаруашылық күріш өндірумен бірге төрт түлік мал өсіруменде айналысады. Шаруашылықтағы қошқарлардың салмағы 140 келіге дейін барады. Ал аналықтары 70-80 келіге жетеді. Жылына 110-120 төл алып отыр.Түйе төл басы 60-қа жеткен. Күніне 150 литр шұбат дайындалып, облыс орталығына жөнелтілуде. «Абай-Дәулет» серіктестігінде мал азығы да дайындалады. Сағатына 3 тонна өнім өндіретін шағын зауыт жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары ұстанады. Шаруа қожалығы орналасқан елді мекендерді абаттандыру, асфальттау, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізу, демалыс орындарын қалыпқа келтіру, спорттық-мәдени шараларға демеушілік жасау, мектепке жаңа спорттық құрал-жабдықтар алу сияқты бірқатар жұмыстарды абыроймен атқарып келеді.


Қызылорда облысы
 кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


16 қазан 2019 ж. 570 0