АЛМАТЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АСТАНАДАН МАРАПАТ АЛДЫ
Күні кеше ғана Астанада үздік кәсіпкерлер мен кәсіпорындарды марапаттау салтанаты өтті. ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын иеленуге раналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздарының есімі анықталды.
«ЭКСПО» конгресс орталығында ұйымдастырылған салтанатты шарада Алматы қаласының үздік кәсіпорындарының есімі республикалық байқау жеңімпаздарының қатарынан көрінді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жылдың айтулы шарасы. Биыл бұл байқауда 101 компания бақ сынады. «Алтын Сапа» сыйлығы «Өндірісітік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын», Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша табысталды. Әрбір аталым ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында анықталады.
«Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектісі ретінле Алматы қаласындағы «Алматинский продукт» кәсіпорын иеленді.
Салтанатты шара барысында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды. «Халыққа арналған үздік тауар» аталымында 2-орын «МПЗ БИЖАН» ЖШС берілді. 1998 жылы құрылған ет пен шұжық өнімдерін өндірісімен айналысатын кәсіпорын қазіргі таңда 80-ге жуық өнім түрін ұсынады.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз саласындағы табысты кәсіпорындарды қолдау мақсатында 2015 жылы «Іскер» арнайы сыйлығын бекіткен. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша өз саласында белсенді де сапалы қызмет атқарған 10 компания арнайы сыйлықтың иегері атанды. Жеңімпаздар қатарында Алматы қаласынан «Metal Prom Group» ЖШС бар. 2014 жылы негізі қаланған компания металл бұйымдарының өндірісімен айналысады. Жылдық айналымы – 1,2 млрд теңге. Шығарылатын өнімде отандық қамту үлесі – 100%.
Еске салсақ, «Алтын сапа» сыйлығы 12 жыл қатарынан байқау негізінде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi. « 2015 жылдан бастап байқауларды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді.