«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУШЫ ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысының 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен Еңбек күні мерекесі жарияланған.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «Еңбек Жолы» республикалық конкурсын жариялап, конкурсты өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда. Аталмыш конкурсқа «Өңдірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша ауданымыздан Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мешітбаева Айгерім Нурлановна қатысып жатқандығын назарларыңызға жеткізеді.
Өңірлерде «Еңбек жолы» конкурсының облыстық кезеңіне онлайн дауыс беру басталғанын хабарлай отырып, 2019 жылдың 5 шілдесінен – 31 шілдесіне дейін онлайн дауыс беру мерзімі басталды.
Осыған байланысты «Еңбек жолы» республикалық конкурсына үміткер ретінде қатысып жатқан жерлесімізді бір ауыздан қолдауға шақыра отырып, қызметтік телефон арқылы Мешітбаева Айгерім Нурлановнаға 880308088 10 осы номеріне дауыс беруді сұраймыз. Жерлесімізді Республикалық конкурсынан көргілеріңіз келсе онда жоғарыда көрсетілген номерге хабарласа отырып, дауыс беру қажет. Үміткер А.Мешітбаеваның облыстық іріктеуден өтуі Сіздердің дауыс беру мүмкіндіктеріңізге байланысты, ағайын.
Ұялы телефон байланысы арқылы дауыс беру мүмкіндігі қарастырылмаған. Тек қызметтік телефон немесе үй телефоны арқылы дауыс беруге болады.
Сонымен қатар https: www.youtube.com/watch?v=YdQbbb-byKQ интернет желесі арқылы онлайн дауыс беру мүмкіндіктері қарастырылған.
Аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі