Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "ЖОМАРТ ЖҮРЕК" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

"ЖОМАРТ ЖҮРЕК" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ


Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған гала концертте "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Атамекен" кіші бағдарламасынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында "Жомарт жүрек" сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев қайырымдылық қызметте меценаттық тың идеяларды жүзеге асырған ауданның елжанды азаматтарына "Жомарт жүрек" сыйлығының номинацияларын табыс етті.
Атап айтқанда, ауданның әлеуметтік-эономикалық дамуына ерекше үлес қосқан "Ақжарма және К" шаруа қожалығының төрағасы Нұрсейітов Қайрат Болатұлы "Жыл меценаты" номинациясымен марапатталды.
Ал, егін шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп, ауыл азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтыған "А.Тоқмағанбетов ЛТД" ЖШС директоры Есжанов Меңдіғали Кеңесұлы "Туған өлке" аталымын иеленді.
Сонымен қатар, ауданға қарасты С.Сейфуллин ауылының тыныс-тіршілігіне етене араласып, ауылға жаңа мешіт асханасының салынуына, қоғамдық моншаның ашылуына септігін тигізген "Құндызды май" шаруа қожалығының төрағасы Рахмет Бөлеген Әбжаппарұлына "Жыл тұлғасы" номинациясы берілді.
"Жылдың үздік ұйымы" номинациясы "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігіне беріліп, бірлестік төрайымы Жаналиева Ұлмекен Шанайқызы марапатталды.
"Ерен еректілік" номинациясына "Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" лайықты деп танылып, марапат орталық маманы Сыздықова Сәуле Шәкімбайқызына берілді.
Марапаттау рәсімінен кейін құрмет биігінен көрінген елжанжы азаматтар естелік суретке түсті.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
12 тамыз 2018 ж. 1 510 0