Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Сырда туған сырбаз ақын

Сырда туған сырбаз ақын

Әбділда Тәжібаев шығармашылығы қазақ руханиятының қайнар көзінен нәр алып, қалың жұртшылықтың жүрегінен жол тапқан. Ол замана тоғысында сырлы сөз өрнегімен әдебиет әлемінде өшпес із қалдырды. Жастайынан әдебиетке құштарлығы өзіндік позициясын айқындап, поэзияға деген іңкәр махаббатын оятты. Әрбір жылдары толассыз ізденіс жолында жүріп, кәсіби тұрғыдан шыңдалды.
Қазақтың сыршыл ақынының туғанына биыл 110 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге байланысты жақында аудандық мәдениет үйінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Сырда туған сырбаз ақын» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Оған ауданға қарасты кент және елді мекендерден жас ақындар қатысып, екі кезең бойынша бақтарын сынады.
Алғашқы кезеңде жас ақындар Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тажібаевқа арнау, екінші кезеңде еркін тақырыпта өлең оқыды. Әділ-қазылардың шешімі бо­йынша сәкендік Бақтөре Айтбаев І орынды, тереңөзектік Ақмарал Кәдірханова ІІ орынды, Ербол Сағымбай ІІІ орынды иеленді. Барлық қатысушыларға «Алғыс хат» пен бағалы сыйлық тапсырылды.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
01 қазан 2019 ж. 1 135 0