Үдеден шыққан биікке самғайды
Аудан әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен аудан активімен кездесу өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Қарымсақов, мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев, мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Сарымбетов, ҚР Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалының профессоры, Заң ғылымдарының докторы А.Мадалиева, дербес бөлім және мекеме басшылары, сала мамандары қатысты.
Жиын барысында департамент басшысының орынбасары Е.Қарымсақов сөз алып, аудан активімен кездесудің негізгі бағыттарын атады. Сонымен бірге Президенттік жастар кадрлық резерві туралы насихаттау жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі, мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларының сақталуы және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілетінін жеткізді.
Өз кезегінде Президенттік жастар кадрлық резерві туралы хабарламаны Е.Сарымбетов жасап, құжат қабылдау, іріктеу талаптарын жан-жақты түсіндірді. Іріктеу шарасы қыркүйек айынан бастап жүзеге асуда. Талантты жастарға арналған Президенттік жастар кадрлық резервінің мүмкіншілігі жоғары. Дарындылығымен көзге түскен жастар үшін алдағы ашық әрі тиімді әлеуеттік орта қалыптастыру қарастырылған. Мемлекет басқару жүйесіне іріктелген кадрлар басшылық қызметке тартылады деп көзделуде. Осы орайда маңызды мәселенің өзегіне терең бойлаған сала басшысы іріктеу кезеңдерінің негізгі талаптарын көрсетті. Кездесуде «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жәй-күйі және мемлекеттік қызметшілермен Әдеп нормаларының сақталуы» туралы Ғ.Ілкібаев хабарлады. Ал А.Мадалиева Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов алдағы уақытта аталған мәселелер бойынша жан-жақты талқылау жүргізілетін жеткізді. Тиісті мемлекетік қызметшілердің міндеті айқындалып, халықпен тығыз жасау тетігі сараланды.
Б.ОРДАБЕКОВ