Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Баласына екпе салдырмағандарға қандай жаза қолданылады?

Баласына екпе салдырмағандарға қандай жаза қолданылады?

Заңға енгізілген түзетулер балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарды жазалауды қарастырады. Денсаулық сақтау министрлігі екпе алмаған балаларға қандай жәрдем көрсетілетінін айтты,-деп хабарлайды sputniknews.kz

Қазақстанда балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар жазаланбақ. Бірақ балаларға қажетті ем көрсетілетін болады, деп денсаулық сақтау министрлігі жаңа заңның нормасын түсіндірді.

"Заң жобасында балаларының екпе салдыру құқығын бұзған ата-аналарға қатысты айыппұл санкцияларын енгізу туралы ұсыныстар бар. Жоба әлі әзірленіп жатыр, оған ұсыныстар енетін болады", - делінген хабарламада.

Баласына екпе салдырмағандарға қандай айыппұл салынады?

Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, балаға екпе салынбай, соның салдарынан ауруға шалдықса, тегін медициналық көмек көрсетіледі.

"Айыппұл ата-аналардың бәріне бірдей салынбайды. Бірақ екпеден бас тарту салдарынан ауырған балалардың емін мемлекет төлейді. Осындай жағдайда ғана айыппұл салынуы мүмкін. Екпе салдырмаған бала ауырмаса, ата-анасы жазаланбайды", - деп мәлімет берді ведомство.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы Людмила Бюрабекова хабарлағандай, Қазақстанда екпе салынбаған балаларды ата-аналардың есебінен емдеуді қарастыратын норма енгізілуі мүмкін.

Неге ата-аналар екпеден бас тартады?

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл алты мыңдай екпеден бас тарту жағдайы тіркелген. Барлық ата-анамен жеке-жеке жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ведомство екпеден бас тарту себептерін де атап өтті: шамамен 50%-і – жеке ұғымы бойынша (Алматы, Нұр-Сұлтан, ШҚО), 35%-і – діни наным-сеніміне байланысты (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) және 15%-і екпенің сапасынан күдіктенеді, сондай-ақ БАҚ-тағы жағымсыз жаңалықтар мен екпенің салдарынан қорқады екен.




15 қыркүйек 2019 ж. 717 0