Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудандық газеттің айтулы белесі

Аудандық газеттің айтулы белесі

Биыл ауданымыз үшін ерекше жыл. Аудан жаңалықтарының жаршысы болған аудандық газет 85 жылдық айтулы мерейтойын атап өтіп, оқыр­манға қуаныш сыйламақ. Аудан әкімі және жергілікті газеттің тұрақты оқырманы ретінде төл ба­сылымның айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!


Жалпы, газет – сауаттылық пен эстетиканың жар­шысы, жаңалықтарды жеткізуші құрал. Таным мен тәрбие де баспасөзде екені белгілі. Сондықтан көзі ашық, көкірегі ояу әр азамат газет-журнал оқуы тиіс. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әркез айтып, қоғамдық-саяси реформалардың мәні мен мазмұнын халыққа жеткізуде қаламгерлер қауымына үлкен жауапкершілік жүктелетініне баса назар аударып келеді.

Өзім де әр жұмыс күннің басталуында респуб­ликалық, облыстық, аудандық газеттердегі ақпа­рат­тармен танысамын. Оның ішінде ең алдымен аудандық газеттегі жаңалықтарды оқимын. Аудандық газеттің бас редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты А.Ибрагимұлымен пікірлесіп, ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйым­дастыруда бірлесе жұмыс істеп келеміз. Мұнан бөлек қызметтік жиындар барысында және сапарларда әріптестерімнің, ардагерлердің жергілікті басылымды оқитынын аңғарамын. Бұл аудандық газетке деген тұрғындардың оң көзқарасын білдіреді.

Аудандағы елеулі жаңалықтарды халыққа жеткізіп отырған «Тіршілік тынысы» газетінің 85 жылдық мерейтойын айтулы белес деп санаймын. Айтулы белесте белгілі қаламгерлердің қажырлы еңбегі мен ізденісі бар. Газетті аудан тарихының шежіресі деп айтуға да болады. Сондықтан басылымның мерейтойы – ортақ қуаныш.


Мерейтой құтты болсын, қаламгерлер!

Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
26 наурыз 2024 ж. 470 0