Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сайы мен қырқасы тарихқа толы

Сайы мен қырқасы тарихқа толы

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жер, ел тарихын өскелең ұрпақтың білу керектігіне ерекше назар қойған. Өйткені, туған өлкенің тарихын білген жан өз жұртының қамын жеп, болашаққа сеніммен қадам басады. Осы себепті де ауданға қарасты Іңкәрдарияға барғанымызда әлқиссаны тұнып тұрған қазына мен таусылмас тағылымға толы тарихи жерлерден бастайтынымыз анық.

Жалпы, Сырдария ауданы төңі­ре­гінде 48 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 2-і республикалық ма­ңызы бар болса, 18-і жергілікті маңызға ие. Ал 27-і алдын ала тізімге алынған объектілер қатарына жатады. Бұл тарихи ескерткіштер әр ауылда екенін ескерсек, ең көбі Іңкәрдария жерінде орналасқан.

Адамзат өркениетіндегі орны бөлек Ұлы Жібек Жолы Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғаған алтын көпір саналады. Осы керуен жолының бөлігі Сырдария өзені бойында болғаны тарихтан белгілі. Өзеннің ежелгі оңтүстік арналарының бірі Іңкәрдария екенін ескерсек, бұл жерге де керуеншілердің табаны тиген деуге негіз бар. Себебі, Ұлы жол Сырдария бойын қуалай жүріп, Қызылқұм қойнауынан өтеді. Ал Қызылқұмның осы бір бөлігі Іңкәрдарияға тиесілі. Міне, сондықтан да осы Іңкәрдария төңірегінде мәдени ошақтар, қалашықтар, қорғаныс бекіністері болған. Солардан бүгінге дейін сақталған жеті ескерткіш ел мұрасы болып бізге жетті.

Тарихи ескерткіштер ауылдың солтүстік беткейінде орналасқан. Осы ретте, қой­науына тарих бүккен ескерткіштерге қыс­қаша тоқталып өтсек. Алдымен, «Заңғар қала» қалашығын айтар болсақ, оның атауының шығу тарихы қалашықта сақталған бекініс қамалдың үлкендігіне байланысты болуы керек. Бұл қалашық ІХ-ХІ ғасырлардан сақталып келе жатқан тарихи ескерткіш. Қазіргі таңда «Заңғар қала» қалашығы орнында ортағасырлық көптеген тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстары, орталық бөлігінде цитадель, қаланы айнала қоршап жатқан бекініс қамалы сақталған. Ал «Заңғар қала» қалашығының қасында «Сырлытам» кесенесі тұр. Кесене ХІІІ ғасырда тұрғызылған. Бұл жөнінде зерттеуші-ғалым, этнограф Тынышбек Дайрабай өзінің «Сыр перзенттері» кітабында жан-жақты жазады. Онда «Сырлытам тарихы сонау ХІІІ ғасырдан бас­талады. Бұл кезең Жанкент түрікмендер Мервке ауысып, Дәуқара аймағына қазақ пен қарақалпақтар ірге тебе бастаған. 1800 жылдарға дейін Сыр бойындағы дария бойын, ондағы қалаларды қарақалпақтар басқарған. Мысалы, қазіргі Жалағаш пен Тереңөзек ауданының шегіне орналасқан Аламесек қаласының орны бар. Бұл қарақалпақ батырының аты екен. Сырлытам аталып келген Баршын-қыз мазары ХІІІ ғасырдың туындысы» делінген. Сырлытам кесенесінен оңтүстікке қарай 20 шақырымда Көксеңгір қалашығы орналасқан. Көксеңгір қалашығы б.э.д. Ү-VІІ ғасырларды қамтиды. Ескерткіш шитті кесененің қалдықтары болып табылады. Алыстан қарағанда қып-қызыл болып көрінгендіктен жергілікті тұрғындар оны «Қызылтам» дейді. Бүгінде кесене қабырғалары ойылып, уақыт өткен сайын жауын-шашын әсерінен бүлінуде.

ІҮ-VІІІ ғасырлардағы Ор­та­ғасыр қорғаны – тіркелген сопақша аумағы бар бекініс. Ескерткіш жоспарда қиық пішіндес бекініс бұрыштарымен сағат тілі бойымен аздап ауытқи отырып, дүниенің төрт бұрышына бағытталған. Ал Қожақазған қорғаны ІХ-ХІV ғасыр аралықтарын қамтиды. Дариялық өзенінің құрғап кеткен арнасының құламалы қатпарымен тілімделген және шамамен өзендегі су деңгейінің ең жоғарғы деңгейге жеткен кезеңінде толассыз ағынмен солтүстік үштен бір бөлігінде кесе көлденең кесілген, солтүстіктен жалғасып жатқан мүйістің негізінде орналасқан.

Іңкәрдариядағы бүгінге дейін жеткен ес­керткіштердің бірі – Бұзықтам қалашығының уақыты белгісіз. Қалашық тұрақ жоспарында тіктөртбұрыш пішінді болып келеді. Ұзын осімен батысқа қарай болмашы ауытқуымен солтүстік-оңтүстік сызығымен бағдарланған.

Ауылға кіреберіске 3 шақырым жерде Мүлкілән мазары бар. Тарихи мәліметтерге сүйенер болсақ, Жаңадарияның жағасында орналасқан Мүлкілән күмбезі шамамен ХVІ ғасырда жеткен сәулет өнері ескерткіші болып саналады. Мұны Молда-Қалан мазары немесе Мехереглан күмбезі деп те атайды. Жалпы, Мүлкілән, Молда-Қалан Мехерегланның лақап есімдері. Мехереглан - белгілі әулие, емші болған. Аңыздар бойынша, ол суармалы жер шаруашылығымен айналысқан, жеті жерде бір мезгілде үйі болған деседі.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
17 қараша 2020 ж. 775 0