Колониядан басталған тарих
Біздің ауданның шығыс жағында қалаға жақын үш ауыл бар. Бірі Айдарлы болса, екіншісі – Аманкелді. Ал осы екі елді мекеннің ортасында Жетікөл ауылы орналасқан. Шағын ауыл демесеңіз, мұнда тұрғындар қолдарынан келетін тіршілік қамын жасап, өмір сүруде. Осы ауылға жұмыс сапарымен барған сайын оның тарихы туралы тың деректерге қанық боламыз. Әсіресе, елді мекен тарихы колониядан бастау алғаны бұл тақырыпқа тереңдей түсуімізге себеп болды.
Жалпы, тарихты тарқатып беретін көнекөз қариялардың көбісі о дүниелік болып кеткен. Жетікөл ауылы тарихын білетін ақсақалдардың қатары да сирепті. Бірақ ауылдың құрылуынан бүгінгі күнге дейінгі белестерін көріп-білетін бірен-саран қариялардың қатарында Қаржаубай Әбдіраманов бар екен. Сонымен бірге, осы ауылдың дамуына еңбек сіңірген Жарылқасын Камалов та елді мекен тарихын жинақтап жүрген көрінеді. Ондағысы кейінгі ұрпақтың өткен мен бүгін үндестігін білсін дегендегі ағалық ниеті. Сонымен, тағы бір сапарда сәті түсіп, ауыл тарихын бес саусағындай білетін ақсақалдармен кездесіп, тасқа басылғандай тарихты қағаз бетіне түсірдік.
Жетікөл ауылының құрылу уақыты сұрапыл соғыстың аяқталу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Қан майдан Кеңес әскерлерінің Жеңісімен аяқталғаннан кейінгі 1946 жылдың жаз мезігілінде елді мекеннен қашықтау Манабай көлінің бойына №10 колония көшіп келген. Оны Шәжжан деген татар жігіті басқарған. Ол кезеңде бұл маң айнала су болған. «Қайырсуат», «Қышқұдық», «Балықты көл», «Қарой», «Манабай» көлі, «Қожабай» көлі, «Жыңғылдыкөл» осы төңіректі айнала орналасқан. Осы жеті көлдің орналасуымен елді мекен «Жетікөл» атанған. Ал «Маңабай» маңайы биіктеу болған соң 1947 жылы колония осы маңға орналасады. Колонияның іргетасы қаланып, қылмыстық жауапқа тартылғандар осында еңбек етеді.
– Біз өзі Жалағаш ауданының Еңбек совхозынанбыз. Ағам Баласай Әбдіраманов соғыс аяқталғаннан кейін жол бойында полиция қызметін атқарды. Үлкен ағам отбасымызды қалаға жақын жерге көшіріп әкеліп, екі жылдай тұрдық. Содан кейін Баласайды Жетікөлде салынған колонияға қызметке жіберді. Жері сулы, нулы болған соң ағам сонда шақырды. Сөйтіп, 1947 жылы қауын гүлдеп жатқан уақытта біз осы қатардағы «Жыңғылды көл» колхозына көшіп келдік. Ол кезде мен 11 жаста едім, – дейді еңбек ардагері Қаржаубай Әбдіраманов.
1949 жылы төңіректі топан су басады. Осы шақта колония жер деңгейінен биік орналасқан «Бұқарбай» құмына көшкен. Ол кезде колония бастығы Тойым деген кісі болған. Бұл жерге бүкіл одақ бойынша қылмыскерлер жеткізілген. Колонияда 1500-дің үстінде адам болып, 1949 жылдан бастап мұнда құрылыс қарқын алған. Көктем шыға үйлер бой көтеріп, клуб, монша салынған. Түрменің адамдарына бақылаушы болып А.Үңгітбаев, Көштай Баймаханов, Самұрат Бәйменов, Сүлеймен Әйімбетов, Сәдуахас Рахметов сынды азаматтар жұмыс істеген.
– Түрме азаматтарын тамақтандыру үшін №1, 2, 3 алқапқа егін егілген. Олар қолдап егін егіп, өз-өздерін азықтандырған. Әрі өздерінің мініс аттарына, сауын сиырларына мал азығын дайындаған. Су жолдарын қолмен қазып келтірді. Бұл уақытта Владимир Пилатов деген кісі колония бастығы болған екен. Сол кезеңде клуб, монша, мал қорадан бөлек басшыларға 8 үй салыныпты. В.Пилатовтан кейін 1956 жылы Мәлік Рахымбаев колония басшылығына келген. Оның есімі колонияның таралуымен байланысты. Колония тарап жатқанда Ахмет Нұрекешов деген кісі барлығын қабылдап алған. Ал 1957 жылдың күзінде колония Қызылорда қаласына көшіп, желтоқсан айынан бастап бұл жер облыстық атқару комитетінің сауын фермасы болып ашылды. 150 бас сиыр, 50 басқа жуық жылқы бағылып, ет қалаға өткізіліп отырған. Алғашқы директор болып Орынбай Қылышбаев тағайындалған, – дейді Камалов Жарылқасын ағай.
Шаруашылықта мал басын көбейтіп әрі мал азығы болатын дақылдар егіп, оны дайындауда көп қиындықтар болған. Атап айтқанда, ол кезеңде бүгінгідей самсаған техника жоқтың қасы. МТС-тің техникалары ірі шаруашылыққа астық дайындауға жіберілетін болған. Соның салдарынан техника жетіспей, қиындықтар орын алған. Ферма қызметкерлері осы қиыншылықтарды еңсеруге еңбектенген. 1958 жылдың наурыз айында алғашқы директор Қылышбай Орынбаев Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы басқармасына басшы болып тағайындалып, оның орнына директорлық қызметке Дайрабай Оспанов келеді. Жаңа директор келуіне байланысты шаруашылық облыстық мал азығын дайындау фермасы болып ашылған.
– Жекеден мал қабылдау басталды. Арнайы мал қабылдайтын мамандар тағайындалды. Шопанбай Рахменшиев, Үсен Кішкенбаев сияқты азаматтар облысты аралап, мал қабылдады. Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан 500-700 басқа дейін мал сатып алынды. Қой-ешкілер де сатып алынып, етке өткізілді. Мал басының көбеюіне байланысты егістік ұлғайды. Соның нәтижесінде алғашқы техникалар алынды. Инженер В.Днемин, агроном Сүлеймен Әкімбетов, механик Ерәлі Бұрханов т.б. мамандар ерен еңбек үлгісін көрсетті. Жаңадан мамандарға үй салына бастады, – дейді өткен шақты тізбектеген Ж.Камалов.
Шаруашылық жұмысы енді жолға түсе бастағанда Дайрабай Оспановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты 1962 жылдың сәуір айында басшылыққа Жалғас Тұрсынмұратов келеді. Білікті маман келе салысымен мал азығын шешумен айналысып, егінге кіріскен. 1962 жылдың шілде айынан бастап Жетікөл мал азығын дайындау шаруашылығы мал бордақылау орны болып белгіленіпті. Мал сол күйінде жекеден сатып алынған. Мұнда жас агроном Өзбекбай Досмағанбетов, инженер Мүптілла Қуатов, зоотехник Кенжебай Құтымов, есепші Ерәлі Кенбабаев, механик Ерәлі Бұрхановтар еңбек еткен. Мал басы 1000-1500 басқа жетіп, ет мәселесі шешіле бастаған.
1965-1967 жылдары Абылай Байжанов директор болып сайланған. Ол өзге өңірлерді мамандандыру саясаты бойынша облысқа қызметке келген 36 адамның қатарында болған. Ал 1968 жылдың наурыз айынан бастап Сырдария аудандық мал бордақылау совхозына директор болып Сартай Мыханов келді. Ол қазіргі ауылдағы тұрғын үйлердің іргетасын қалап, елді мекеннің жағдайын жасаған азамат ретінде елдің есінде қалған. Совхозға қыруар қаржы бөлініп, техникалар берілгенде жұмысты жүйелі ұйымдастырып, аудандағы маңдайалды шаруашылық саналған.
Осы кезеңде облыстық Қызылорда мал бордақылау бірлестігі ашылды. Оған Камал Бердәулетов төрағалық еткен. Облыс бойынша Қазалы, Сырдария, Шиеліде мал бордақылау алаңы болып, қалған аудандардың еркек малдарын осы үш совхозға топтастырған. Сол шақта елді мекенде мал басы көбейіп, жаңадан егістік жерлер ашылады. «Маяевка» №35-13, №18, №8 егістік алқаптар ашылып, егін егілген. Кеңшар орталығынан 200 орындық клуб, дүкен, кітапхана секілді мәдени ошақтар салына бастайды. Мал бордақылау алаңы 1200 басқа дейін кеңейген. Шопанбай Рахменшиев, Үсен Кішкенбаевтар меңгеруші қызметін атқарған.
– Соңғы этаптағы малды ХІ разьезге апарып, сол жерден ет комбинатына айдап бару ұйымдастырылған. Етке өткізілген малдың орташа салмағы төмен болып шығады. 1973 жылы арнайы облыстан комиссия құрылып, совхозды тексеріп келешекке жоспар жасалды. РСХО құру туралы шешім қабылданып, 1974 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін М.Қуатов директор болды. Бұл уақытта совхоз жұмысы ілгерілемеді. Содан кейін облыстық партия комитетінің шешімі бойынша 1974 жылдың қазан айында Әбжаппар Асан директор болып келді. Білікті ұйымдастырушы мамандардың барлығын ауыстырды. Зоотехник Әбдіуәли Асанов, мал дәрігері Кенжебай Ақшалов, инженер Сейткамал Дүйсенбаев, бригадир Ерәлі Бұрханов, механик Сейіл Досмұханбетов, агроном Жақан Ыдырысов, база меңгерушілері Шопанбай Рахменшиев, Бегалы Динаевтар қажырлы еңбек етті. Малға құрама жем жасап беру үшін «кормацех» алынып, іске қосылды. Елді мекенде жұмыс жанданған соң орталықтан 600 орындық мектеп, 50 орындық балабақша, 40 орындық НТН салынып, ауылдың сәні келе бастады. Бір көшенің бойынан 8 үй бой көтерді, – дейді ақсақал Қаржаубай Әбдіраманов.
1985-1986 жылдары шаруашылық жұмысы қайта тоқырауға ұшырайды. Алға жылжу жоқ. Малдың басы 1500 бастан аспай, етке өткен малдың орта салмағы 320-340 гр-нан аспапты. Мал азығында да жетіспеушілік бар. Мамандар малды көбіне жайылымдық жолмен семіртуге көшкен. Соның салдарынан мал шығыны орын алған. Осы шығындардың орнын толтырып, шаруашылықты түлету үшін облыстық партия комитеті 1986 жылдың ақпан айында Жарылқасын Камаловты директор етіп тағайындайды.
– Шаруашылықта ешқандай жем-шөп жоқ. Базада 1200 бастай мал тұр. Шалғайдағы «Абай» совхозынан тасып шөп беруде. Мұнымен бордақы болмайды. Осы тұста, Бесарықтың совхоз директоры Айдарбек Қадырқұловтан 400 тонна шөп, 700 тонна сүрлем мал азығын алдырдым. Ол кісі оны өз техникасымен тасып берді. Көктемнен бастап егіс көлемін ұлғайтып, 700 гектар жоңышқа, 250 гектар жүгері егіп, жақсы өнімге қол жеткізе бастадық. Үш «С-100» тракторы алынып, Күлман, Үйсінбай, Оржан Сәруар тізгіндеді. Мал басын өз төлі есебінен өсіру мақсатында 300 бас аналық сиыр алынып, ферма меңгерушісі болып Кенжебай Ақшалов тағайындалды. «Кормацех» қайтадан жаңартылып, тоқтаусыз күніне 8-9 тоннаға дейін құрама жем дайындалды. Оған қоса, көже дайындайтын цех салынып, малға құнарлы азық берілді. Осының нәтижесінде малдан үстеме салмақ алу 700-800 граммға, етке өткен малдың орта салмағы 350-380 келіге жетті. Осындай жетістіктердің нәтижесінде елді мекеннің ішкі жолдарын асфальттап, екі базаға өз күшімізбен жол салдық. Орталықтан 6 шақырым 300 метр ауыз су құбыры тартылып, іске қосылды, – деп Ж.Камалов ауылдағы алғашқы кезеңдегі жұмыстарды еске алды.
Шаруашылықта техникалар жаңартылып, жұмыс жүйеге қойылғанда еңбеккерлер қатары жас мамандармен толыққан. Дәнекерлеушілер Серікбай Ысқақов, Зулыпхар Бердібектер көже жасайтын цехты құруға атсалысқан. «Кормацехты» қайта жаңғыртуда да біліктіліктерін көрсеткен. Сол жылдарда мал азығы үшін Павлодар облысынан дайын 1 мың тонна шөп престеліп, вагонмен тасылған. Ал 1987 жылы Көкшетау облысы Ш.Уәлиханов ауданының «Комсомол» совхозына 1 мың гектар жерге бидай егіледі.
– 1988 жылы қарыздардан құтылып, «Енді таза пайдаға шығамыз ба» дегенде мамыр айында Ауыл шаруашылығы министрінің «Шығында отырған совхоздарды қосып, ірілендіру керек» деп Жетікөлді Айдарлы совхозына қосуға шешім шықты. Маусым айының 11-і күні жиналыс болатын болды. Совхоз басшысы дауыс беру арқылы сайланды. Дауысқа облыстық партия комитетінің нұсқаушысы Аманкелді Ерубаев, РАПО төрағасы Жарқынбек Әнуаров, Жетікөлден мен түстім. Жиналысқа қатысқан 250 адамның 12-сі А.Ерубаевқа, 48-сі Ж.Әнуаровқа, қалғаны маған дауыс беріп, совхоз басшысы болып тағайындалдым, – дейді Жарылқасын ағай.
Айдарлы совхозының жері құнарлы. Бұл шаруашылықтың егістігі насос арқылы суарылатын болған. Совхоз бойынша 41 насос болса, оған жанармай тауып, тасып беру оңайға соқпаған көрінеді. Совхозда жоңышқа көлемі 2500 гектарға, жүгері көлемі 700 гектарға жеткен. Жұмыстардың ұтымды ұйымдастырылуының арқасында мұнда бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізілген. Атап айтқанда, 1993 жылы совхоздың мал бордақылау алаңында 9400 бас өгіз, 150-ден аса жылқы тұрған. Одан бөлек, 1500-ге жуық сиыр, 23000 қой болған. Осыншама түлікке 27000 тонна сүрлемдік мал азығы дайындалады. Ол үшін 2000 гектер жерге жоңышқа, 1100 гектар жерге жүгері егілген.
– Айдарлы мен Жетікөл халқына ризамын. Бейнеткеш. Ол кезде түнгі ауысым болды. Түнгі сағат 2-де «Мұхтар, тұр, ана комбайн бұзылып қалды» десең, еш ренжіместен тұрып, жұмысқа кірісіп кететін. Маусымдық жұмыстарда күндіз-түні еңбек етеді. Ал біз оның үйіне барлық жағдайды жасадық. Өйткені, еңбек адамы маусымдық жұмыстарда үй жағдайына алаңдамау қажет. Осындай жұмыстардың нәтижесінде келер жылға мал азығы артылып қалды. Тіпті, алты айлық сыйақы алдық. Халық риза болды. Сондай жақсы көрсеткішке жетіп едік, 1994 жылдың 19 сәуірде «Тез техниканы таратыңдар, малды еңбеккерлерге үлестіріп, еңбекақы ретінде беріңдер» деген тапсырма келді. Үш айдың ішінде үлкен шаруашылықтан тек 1200 өгізді алып қалуға ғана күшім жетті. Содан Айдарлы совхозына Шанжархан Сейілханов директор болды. Ал мен Жетікөл совхозын басқардым, – деді бүгінгі ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Камалов.
Кезінде Айдарлы, Аманкелді ауылдарының құрамында болған шағын ауыл тәуелсіздік жылдарынан кейін, яғни 2005 жылы ауылдық округ болып қайта құрылды. Бүгінде тарихы сонау колониядан басталған елді мекен шағын ауыл болса да тұрмысы түзеліп, түтіні түзу ұшқан ауылдың қатарында.

Е.БЕРКІНБАЕВ