Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұмыт болған қазақ хандары: Бұрындық хан

Ұмыт болған қазақ хандары: Бұрындық хан

Қазақ хандығына қатысты сөз болса, Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандарды есімдердің жиі аталады. Қазақстан тарихы

Ал шын мәнінде Қазақ хандығының құрылуына елеулі үлес қосып, өз заманында ұлы істер атқарған хандар көп болған. Нақты зерттеушісі болмағандықтан, көбінің есімі мүлдем ұмыт болған немесе сирек аталады. Мәселен, Қазақ хандығы тарихында есімдері аз аталатын немесе зерттеулерде ұмыт қалып қойған хандар мен сұлтандардың қатарына Бұрындық ханды қосуға болады. Ол Керей мен Жәнібектен кейінгі үшінші хан болған тұлға. Қасым ханның алдындағы билеуші. Ол Қазақ хандығының іргесін нығайтуға қатысса да, нақты зерттеушісі болмаған соң Қасым ханның көлеңкесінде қалды. 

Бұрындық - Қазақ хандығының үшінші ханы. Қазақтың үшінші ханы – Бұрындық ханның өмірі, билік құрған жылдары туралы дерек өте аз. Сол себепті бұл мақалада негізінен википедия бетіндегі ашық ақпараттар мен жекелеген БАҚ беттеріндегі (Sputnik.kz) деректер пайдаланылды. Жазылған материалдардың дені орта ғасырлардағы жазба деректерге сүйенгені айтылады. Бірақ нақты сілтеме көрсетілмеген. 

Бұрындық Шыңғыс әулетінен тарайды. Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы Керей ханның үлкен ұлы. 

Бұрындық шамамен 1430-1510 (немесе кей деректерде 1480-1511) жылдары өмір сүрген. Ол Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін (шамамен 1470 жыл делінеді) таққа отырып, ұзақ жылдар (шамамен 30-40 жыл) билік құрды. Керей ханның нақты қашан қайтыс болғаны белгісіз. Белгілі археолог М.Елеуовтің еңбектерінде «Шудың бойында он жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жерленіпті» деген ақпарат беріледі. Себебі, 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорықтарды Керейдің ата аталмайды. Осы кезеңдердегі тарихи оқиғалар қамтылған «Тауарихи гузидан нұсрат-намадан» басқа «Шайбани нама», «Фатх нама», «Бахр ал-асрарфи манакиб ал ахиар» секілді орта ғасырлардағы жазба деректерде де тек Жәнібектің есімі аталады. Осыған қарап, көптеген тарихшылар Керей хан 1469 жылға дейін қайтыс болған деп жорамал жасайды. 

Керейден соң хандық билік Жәнібек ханға өтті. Бұрындық алғашқы кездері хандыққа қарасты ұлыстардың бірін басқарып, Жәнібек ханның жарлықтарының орындалуын қадағалайды. Елеуовтің еңбектерінде Бұрындықтың Жәнібек пен Әбілқайыр хан арасындағы шайқасқа белсенді араласқаны айтылады. Яғни Бұрындық Жәнібек ханның жорықтарын басқарып, оны іске асырушы болған. Жорықтың негізгі мақсаты - Дешті Қыпшақтағы Шайбани әулетін әлсірету мақсатын көздеді. 

Бұл  (1469-1472 жылдары) Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңі еді. Осы кезеңнен бастап XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары үшін маңызды шайқастар болды. Шайбани хан одақ құруға мәжбүр болды.

Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы дәл осы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды. 

Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Алайда тарихи деректерде оның ел билеу ісіне келгенде әлсіз болғаны айтылады. «Тарих-и Қыпшақи» кітабының авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді: Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді.

Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. Қазақ хандығы тарапынан да бірнеше жорықтар жасалады. Бұрындық хан өз ұлысын жиып, Әбілқайыр хан ұлдарына тарпа бас салады. Осыдан кейін Әбілхайырдың ұлдары жан-жаққа қашып, бас сауғалауға мәжбүр болады. Кейін Бұрындық хан өлгенне кейін ғана қайта жиналып бас қосты. 

Бұл басында айтып өткеніміздей, қазақ хандығының нығайып, қазақ халқының этникалық тұрғыдан қалыптасып, территориялық құрылымы бекітілген кезең болды. Яғни Бұрындық Қазақ хандығының құрылу кезеңіне, әсіресе оның екінші кезеңіне өз үлесін қосқан елеулі тұлға болды. Тағы бір айта кетерлігі, Бұрындықтың ресми хан болғанын растайтын құжаттар жоқ. Тек сол кездегі жазба деректерде Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрғаны айтылады. Яғни Жәнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бастағаны белгісіз. Ол туралы ешбір жазба дерек қалмаған. 
Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқанына қарамастан тарихшылар Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмағанын айтады. 

Бұрындық хан туралы қосымша деректер

Бұрындық ханның есімі кейбір деректерде Мұрындық деп те аталады. Ол шамамен 1480-1511 жылдары (кейбір деректерде 1474 жылдан бастап) билік құрған. Бұрындық хан Қазақ хандығының алғашқы құрылу кезеңінде маңызды рөл атқарды. Хандықтың құрылуына қатысып, әскери жорықтарға басшылық етті және Сырдария бойындағы қалалар (Сығанақ, Созақ, Сауран т.б.) үшін шайбанилықтармен (Мұхаммед Шайбани әулетімен) ұзақ күрес жүргізді. Оның тұсында қазақ әскері күшейіп, хандықтың аумағы кеңейді. Кейбір деректерде Қазақ хандығына қарасты халықтың саны бір миллионға жеткені айтылады. Бұрындық хан Қазақ хандығы тарихындағы көп жылдық тұрақты билік құрған хандардың бірі ретінде аталады. Ол 1511 жылы Самарқанда қайтыс болған делінеді.
Бұрындық ханның билігін ішкі қайшылық әлсіретіп жіберді. Әсіресе Жәнібек ұрпақтарымен үлкен қайшылық басталған еді. Бұл жерде таққа талас жатқан еді. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақ хандығында билік беру дәстүрі ерекше болды. XI–XIII ғасырлардағы қыпшақ дәстүрі бойынша хандық билік әкеден балаға емес, жас жағынан үлкен туысқа (немере туыс немесе іні) берілетін. XV ғасырда жергілікті әдет-ғұрып қайта жанданды. Мысалы, Барақ ханнан кейін билік оның ұлына емес, немере туысы Керейге тиді. Керейдің ұрпақтары хан тағына үміткер болмады. Керейден соң Жәнібек, одан кейін жас жағынан ең үлкені Бұрындық хан болып таққа отырды. Бұрындықтан кейін билік Жәнібектің ұрпақтарына (Қасым ханға) өтті.

Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті арасындағы шайқастар

Бұрындық ел ішінде хан емес, даңықты қолбасшы ретінде танымал болды. Ол Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті арасындағы соғыста қазақ қолын басқарды. Әбілқайыр хан қайтыс болған соң оның орнына ұлы Шейх Хайдар келді. Оған қарсы Сібір ханы Ибақ, Жәнібек хан және маңғыт билері бірікті. Бұл соғыста Нәтижесінде Ибақ Шейх Хайдарды өлтірді, Дешті Қыпшақтағы билік қазақ сұлтандарының қолына көшті.

Бірақ Мұхаммед Шайбани (Әбілқайырдың немересі) кек алуға кірісті. Ол Ибақтың ұлын өлтіріп, Әмір Темір мұрагерлерінің көмегімен Сыр бойындағы бірнеше қамалды тартып алды. Кейін маңғыт (ноғай) билеріне жақындап, Мұса бидің қызына ғашық болып, жасырын хаттар жолдады. 1472 жылы маңғыттар Шайбаниді хан сайламақ болды. Бұрындық бұған жол бермеді: Қасым және Әдік сұлтандарды ертіп, 50 мың әскермен жорыққа шықты. Қырғын соғыстан кейін маңғыттар Шайбаниден бас тартуға мәжбүр болады. 

Осыдан кейін Бұрындық Сыр бойындағы қалаларды басып алады. Қазақ хандығы аймақтың орталық және оңтүстік бөліктерінде ықпалын күшейтті. Жәнібек ұлдарының ұлыстары кеңейіп, қалалар мен жайылымдар олардың иелігіне өтті. 

Бұрындықтың тұсындағы Қазақ хандығы 

Бұрындық ханның ішкі саясаты хандықтың бірлігін нығайтуға бағытталды. Ол Жәнібек ханның ұлдары – Қасым, Әдік, Жиренше және басқалармен тығыз байланыста болып, оларды әскери жорықтарға тартты. Хандықтың астанасы ретінде Сырдария бойындағы қалалар маңызды рөл атқарды. Бұрындық тұсында Қазақ хандығының экономикасы да дамыды: мал шаруашылығы, сауда жолдары және қалалардың қорғанысы күшейтілді. Ол ел ішінде батыр ретінде танымал болып, халықтың құрметіне бөленді.Қызықты дерек: Бұрындық ханның тұсында Қазақ хандығының аумағы едәуір кеңейді. Ол Түркістан, Отырар, Сауран сияқты ежелгі қалаларды қазақтардың иелігіне қайтару үшін ұзақ күрес жүргізді. Бұл қалалар сауда және мәдени орталықтар болғандықтан, олардың бақылауы хандықтың күшеюіне септігін тигізді.
06 ақпан 2026 ж. 189 0