Тіл ғылымының патшасы
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні жыл сайын 5 қыркүйекте аталып өтіледі. Осы күні Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі тойланатыны мәлім. Бұл ретте ұлт ұстазының бірнеше нақыл сөзін оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдік. 1. Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.
2. Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: ақылға, қиялға, көңілге.
3. Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі.
4. Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.
5. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.
6. Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
7. Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арналған дыбысқа дәл келсе, оқуға-жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманымыздағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақшы.
8. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйінін түйгенінше айтуға жарау.
«Тт» ақпарат
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден







