Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлтының кемеңгер ұстазы

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлтының кемеңгер ұстазы

2022 жылы еліміз қазақ қоғамы мен мемлекетінің қайраткері, ағартушы, ақын, аудармашы, педагог, публицист, түркітанушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап жатыр.

А.Байтұрсынұлы бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысында, шаруаның жанұясында дүниеге келген. Алғашында ауылда білім алып, кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесі (1886-1891) мен негізін Ыбырай Алтынсарин қалаған Орынбордағы мұғалімдер мектебін (1891-1895) тәмамдаған.

Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді. Мәселен, ол – ең бірінші,қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, екіншіден, қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі – ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға.

Ол «Тіл – құрал», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен түрлі хрестоматияларды жазған. Әдістемелік бұл құралдар әлі күнге дейін қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың қолданысына ие.

Шығармашылық жолын Ахмет Байтұрсынұлы мысал жазудан бастады. Оның өлеңдері қазақ халқының мүддесі мен үмітінен сыр шертіп, білім мен мәдениетті насихаттады. «Қырық мысал» (1909), «Маса» (1911) шығармаларында қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.

 1913 жылы Байтұрсынұлы Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, қалың қазақ зиялыларының қолдауымен Орынборда тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Оның бас редакторлығындағы газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге мәселелерін қозғады. 1918 жылдың күзіне дейін шығарылғанның өзінде «Қазақ» газеті ұлттық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби басылымдардың негізгі газетіне айналды.

Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші - реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.

Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді. "Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым - теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі – "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. "Өнер алды – қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан.

Р. Алдамбергенов,
Сырдария аудандық сотының төрағасы
06 қыркүйек 2022 ж. 824 0