Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдария ауданының Құрметті азаматы Сүлеймен Жаманқұловты еске алуға арналған тағылымды кеш өттІ

Сырдария ауданының Құрметті азаматы Сүлеймен Жаманқұловты еске алуға арналған тағылымды кеш өттІ

Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері, II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері, «Г.Жуков» медалінің иегері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, ұстаз, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Сүлеймен Жаманқұловты еске алуға арналған тағылымды кеш өтті.

Бұл еске алу шарасын ұстаздың мектепті бітіргеніне 50 жыл толған шәкірттері ұйымдастырды. Жиын барысында ардагер ұстаздың өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі еске алынып, жылы естеліктер айтылды. Кештің басты мақсаты – өнегелі ұстаздың есімін ұлықтап, өскелең ұрпаққа үлгі ету болды.

Ұстаздың ұрпаққа сіңірген еңбегін ұлықтау мақсатында 4-сынып оқушылары арасында математика пәнінен олимпиада, мекеме қызметкерлері арасында үстел теннисі, ал 5–11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақ және шахматтан жарыстар өткізілді. Бұл сайыстар оқушылардың білімге деген құштарлығын, қызметкерлердің спортқа деген ынтасын арттырып, қоғамда ұрпаққа өнеге болатын тұлғалардың есімін құрметтеуге бағытталды.

Сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға 50 жылдық түлектердің атынан дипломдар мен алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар табысталды.

Аманкелді а/о әкімдігі



12 мамыр 2025 ж. 381 0