ҚР орталық архивінің құрылғанына 100 жыл толды
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толуына орай аталмыш мекемеде ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды massaget.kz.
Іс-шараға архив қызметкерлері, шетелден қонақтар, мәдениет және спорт вице министрі Нұрқиса Дәуешов, Алматы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов, қоғам қайраткері, жазушы Зейнеп Ахметова және т.б қатысты.
Іс-шарада алдымен сөз алған орталықтың директоры Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы Орталық архив мекемесінің тарихына тоқтала келе, бүгінгі мерейтоймен жиналған қауымды құттықтады.
“Құжатсыз архив, архивсіз тарих болмайды. Ал тарихсыз мемлекет болмайды. Бүгінгі мерейтой еліміздегі архив саласындағы барлық қызметкерлердің сонымен қатар, санасы бар, өткеніне алаңдайтын кез келген адамның мерекесі. Бүгінгі мерейтойға орай мемориалдық тақтаның ашылуына қош келдіңіздер!”, - деді орталық архив директоры.
Осыдан кейін сөз алған мәдениет және спорт вице министрі Нұрқиса Дәуешов Мәдниет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың атынан Орталық архив қызметкерлерін 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.
Жиналған қауым мемориалдық тақтаның ашылуының куәсі болды. Оны Нұрқиса Дәуешов пен Алматы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов ашты.
Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі тақтаны аша отырып:
“ХХ ғасырға дейін біздің тарихымыз “жазуға сенген жаңылшақ, оқуға сенген ұмытшақ” дегендей ауыздан-ауызға өтіп сақталып келді. Соның нәтижесінде сонау тарих түбінен “түгел сөздің түбі бір, сөз атасы Майқы би” деген сөздер жетті. “Қасым ханның қасқа жолы” жетті. Бұл көшпелі өркениеттің өткенді сақтаудағы ерекше тәсілі еді. Ал, енді заман күрделе түскен ХХ ғасырдың басында ақпаратты жаңаша сақтау, жаңаша қаттау қолға алынды да, архив саласы пайда болды. Кез келген ақпарат құнды бола бермейді. Оны сұрыптайтын, іріктейтін осындағы архив саласының қызметкерлері.Сондықтан, қала басшылығы осындай мемопиалдық тақта орнатуға шешім қабылдады. 100 жылдық тарих, мемлекетіміздің бір белгісі. Ендеше бүгінгі мерейтой құтты болсын!”, - деді.
Осы мерейтойға арнайы келген Ресей ғылым академиясының мұрағаты Бас директоры Работкевич Александр Викторович пен Қырғыз мемлкеттік орталық архиві директорының орынбасары Анара Медетбекова Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық архивінің құрылғанына 100 жыл толуына орай архив қызметкерлерін құттықтады.
Шара барысында бірнеше кітаптардың тұсауы кесілді. Соның бірі даңқты қолбасшы, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының тектік құжаттары, материалдары, суреттері негізінде фотоальбом кітап. Оның тұсауын Бауыржан Момышұлының немересі Ержан Момышұлы мен келіні, белгілі жазушы Зейнеп Ахметова кесті.
“Баға жетпес үлкен қазынаны ардақтап, күтіп отырған бұл мекеменің мерейтойы құтты болсын. Бұл – ғасырлармен ғасырлар арасына жалғастыратын, көне тарихты сақтайтын ұлы шаңырақ. Осындағы шаңырақта қызмет істеп жүргендер осы ұлы іске өз үлестерін қосып жатыр. Осында өмірден өтіп кеткен талай ұлы адамдардың құжаттары, мұрағаттары осында сақталып тұр. Ата кезінде талай материал жинаған, бірақ сол кездегі саясаттың себебінен оны жариялай алмады. Кейіннен оны маған аманаттап тапсырған еді. Сол аманатты дайындап отырмын. Кезі келіп осында тапсырамын”, - деді Зейнеп Ахметова.
Шара барысында бірнеше Орталық архив қызметкері мен келген қонақтарға 100 жылдық мерейтойға орай шығарылған медаль табысталды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық архиві – еліміздегі өзінің қорында 1 млн 500 мыңдай істер сақтап отырған ең ірі де жан-жақты мұрағат және Республикадағы Кеңес дәуірі кезіндегі құжаттаттарды сақтап отырған бірден-бір қойма. Бұл жерде Кеңес дәуіріне дейінгі барлық құжат 771 қоймада сақтаулы.
Қазақстан тарихындағы тұңғыш мемлекеттік мұрағат 1921 жылы 1 қыркүйекте Қазақ АССР-нің тұңғыш астанасы Орынборда құрылды. Бұған Орынбор губерниялық мұрағатының қорлары негіз болды. Мұрағат Қазақ АКСР Орталық өлкелік мұрағатының ресми атауын алды және республиканың Ағарту халық комиссариатына тікелей бағынды.
Мұрағат құжаттарында Жәңгір хан, Кенесары хан сияқты қазақ билеушілерінің қызметі туралы мәліметтер, қазақ батырлары Исатай, Махамбет, Сұраншы және Саурық би туралы құжаттар, кеңес кезеңідегі мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы материалдар, қарапайым азаматтардың өмірбаяны және шежірелік мәліметтері бар. Сонымен қатар, әдебиет пен өнер, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің деректі мұралары сақтаулы.
Олардың қатарында көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев, қазақ әдебиетінің классиктері Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсірепов, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллин, Қазақ КСР Халық әртісі Күләш Байсейітова, композиторлар Мұқан Төлебаев бар.
Мұрағаттың оқу залында бір кездері Қазақстанның көрнекті ғалымдары Әлкей Марғұлан, Ақжан Машанов, Ермұхан Бекмаханов және т.б. жұмыс істеген, олар мұрағат құжаттарына сәйкес қазақ халқының тарихы мен этнографиясы бойынша маңызды зерттеулер жүргізген және республикадан тысқары жерлерге белгілі болған бірқатар іргелі еңбектерді жариялады.
Мұрағаттың оқу залында отандық зерттеушілермен қатар АҚШ, Германия, Италия, Австрия, Ресей, Оңтүстік Корея және басқа да шет мемлекеттердің ғалымдары ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 22 желтоқсаннан бастап елімізде алғаш рет кәсіби мереке – Мұрағатшылар күні атап өтілетінін жариялады.