Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақстан халқына" қоры арқылы спорт бөлмелері жабдықталды

"Қазақстан халқына" қоры арқылы спорт бөлмелері жабдықталды

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетовпен бірге Аманкелді ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында аудан басшысы спорт нысанының материалдық-техникалық базасын нығайту, ғимараттың жалпы жағдайы, жаттығу залдарының талаптарға сәйкестігі және үйірмелердің жұмыс барысына назар аударды.

Айта кету керек, аталған нысан "Қазақстан халқына" қоры мен «Батыр болам» қоғамдық қорының демеушілігі аясында 6,4 млн. теңгеге қажетті жаттығу құралдарымен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта ауылдық спорт клубында бокс, қазақша күрес, үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ үйірмелеріне жастар қатысуда. Бұл ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және болашақта спорттық жетістіктерге жетуіне оң ықпал етуде.

Аудан әкімі спорт нысанын одан әрі жетілдіру, үйірмелер санын арттыру мәселелері бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
30 сәуір 2026 ж. 41 0