Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Татулық пен достықтың мекені

Татулық пен достықтың мекені

Елдегі достық пейіл мен бауырмалдық – бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең бас­ты құндылық. 1 мамыр – татулық пен бірліктің жарқын мерекесі. Бұл күн – сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміздің ең асыл құндылықтарының бірі. Байтақ даламыз қазақ ұлтынан бөлек 130-дан астам этносқа ортақ Отан болып тұр. «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» дейтін халқымыз үшін бұл күннің мәні мен маңызы айрықша.

Берекелі бірліктің арқасында бүгінде экономикамыз өркендеп, ілгері басып келеді. «Дамудың сыры – бірлікте, табыс­тың сыры – тірлікте» демекші, ауданда бүгінде этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, егемендікті баянды, Тәуелсіздікті тұғыр­лы ету жолында еңбек етуде. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда ауданымызда этнос өкілдерінен барлығы 453 тұрғын өмір сүруде. Оның ішінде молдаван, татар, орыс, кәріс, шешен, чуваш, өзбек, беларусь, неміс, еврей, украин, шеркес, тәжік, ұдмұрт, қырғыз секілді этнос өкілдері бір шаңырақ астына топтасқан. Этнос өкілдері аудан экономикасының өркен­деуі мен әлеуметтік ахуалының жақ­­саруына атсалысып келеді.

– Еліміз – бірлік пен татулықтың ордасы. Біздің ауданымызда да этнос өкілдері тату-тәтті тұрмысын жал­ғас­тыруда. Олар сан түрлі іс-шараға белсенді қаты­сады. Көрме, қолөнер бұйымдарын, ұлт­тық тағамдарын дайындап, әр­түрлі іс-шараның көркін келістіреді. Рес­пуб­ли­калық және облыстық деңгейдегі іс-шараларға аудандағы өзге этнос өкілдері бел­сенді қатысады. Сырдария ауданында республикалық дәрежедегі байқауларда ме­рейімізді асқақтатып жүрген этнос жас­тары Константин Луца, Никита Мясцов­тарды мақтанышпен айтып өтуге болады. Және де ауданымыздың намысын қорғаған өзге этнос өкілдері облыстық, аудандық іс-шараларда сахна төрінен көрініп жүр. Былтыр «Ассамблея аруы – 2025» сұлулық байқауында бас жүлдені славян этносының белсендісі Лидия Мясцова жеңіп алғанын айтып өту орынды. Ауданда этносаралық қатынас жүйелі, – дейді аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Бейбіт Смайлов.

Қазақстан – бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі. Қазақ халқы алма­ға­йып замандарда тағдыр тәлкегімен бас сауғалаған жұртты бөле-жармай бауырына басты. Осылайша, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы түрлі этностың бір шаңырақ астында ұйысуына себепші болды. Айта кетейік, өңірімізде 30-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Бірлік – халқымыздың тұтас­тығы мен ырыс-ынтымағының, үйлесімді қарым-қатынасының, тату­лығының кө­рінісі. Тәуелсіз Қазақстан үшін ынтымақ пен тұрақтылық – ең басты байлық. Бүгінде еліміздегі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бұл – ұлттар арасындағы сыйластық пен өзара құрметтің нәтижесі, қоғамдағы бей­бітшілік пен келісімнің берік іргетасы.


А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
01 мамыр 2026 ж. 38 0