Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Облыс орталығынан сүйінші жаңалық жетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Мерейлі марапатты облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Өнер орталығында» өткен салтанатты іс-шарада табыстады Бұл табанды еңбек пен жоғары кәсібиліктің лайықты бағасы деуге негіз бар.

Бейбітшілік мереке­сі қар­­­­­са­­ңында облыс орта­лы­ғында ауқымды іс-шара ұйым­дас­тырылып, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құ­қық қорғау органдарының бас­­­­­шылары, зиялы қа­уым өкілдері қатысты. Ай­мақ басшысы өңір тұр­ғын­­­­­дарын бейбітшілік пен келі­сім мерекесімен құт­­­­тық­­тады. Салтанатты жиын­­д­а аймақтың әлеу­мет­­тік-эконо­ми­калық да­муы­­на елеулі үлес қосқан аза­маттарға ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құр­мет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ҚР Прези­денті­нің Алғысы және «Барыс» төсбелгісі, об­лыс­тың Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Ақтөре Ибрагимұлы 2019-2024 жылдар ара­лы­ғын­­да аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқар­ғанын айта кету керек. Табалдырығы – төр, төрі – тұғырға айналған қара­­­шаңырақ өз түлектерін әркез мақтан тұтады. Бұл ретте ақын, Жазушылар және Жур­налистер одағы­ның мү­ше­сі, аудандық мәслихат де­пу­таты, әріптесіміз Ақ­төре Ибрагимұлының мем­­­­­­лекеттік наг­радаға ие болуы – ауданымыз үшін зор қуаныш әрі мерейлі абырой.

Айта кетейік, бірнеше жыр жинағы мен онға жуық тари­хи-та­ным­дық кітап­тың ав­торы Ақтөре Ибрагимұлы ең­бек жолын рес­публикалық «Қазақстан жолы» газетінде тілші болып бастаған. Одан кейін туған жерге ту тігіп, «Сыр медиа» ЖШС Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде еңбек жолын жалғастырған. Ке­йін бас редактор ре­тінде аудан­дық газеттің жұ­мы­сына басшылық жа­саған әріп­­­­тесіміз аудан әкім­ді­гінде әдіскер, аудан әкімі аппа­ратының аударма жө­нін­­дегі редакторы, аудан әкі­­­мінің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметтерін де жа­уап­кершілікпен атқарған.

«Ерен еңбегі үшін» ме­далі – кәсіби шеберлік пен қажырлы еңбектің лайықты жемісі. Еңбекқорлық пен адал­дықты, жауапкершілік пен біліктілікті қатар қоятын азаматты шын жүректен құт­тықтай отырып, абырой биі­гінде болуын тілейміз!


А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
01 мамыр 2026 ж. 44 0