Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Садық ахунның емдік кітабы

Садық ахунның емдік кітабы

Садық ахун Қодарұлы діни қайраткер, халық емшісі. Ол қазіргі Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылында дүниеге келген. Садық 14-15 жасында Тапал ахуннан жеті жыл дәріс алады. Сонан соң ол Ораз ахунның мешіт-медресесінде 2 жыл оқиды. Ибн Синаның ғылымын игерген Садық ахун аурудың барлық түрін емдей білген. Садық ахун 1898 жылдан бастап мешітте имам болған. Бірақ оның есімі негізінен осы емшілігімен кеңінен шығады. Күні бүгінге дейін оның есіміне «Садық ахун», «Садық емші» деген атау жалғасып келеді.
Садық ахунның ұлы Тәждин де әкесінен қалған құрал-жабдық, дәрілік кітабы, пайдаланатын шөптері сақталған. Көзі тірісінде Тәждин ағамыз әкесінің емдік кітаптарын, 7 түрлі дәрілік шөп нұсқаларын аудандық тарихи-өлкетану музейіне тапсырған болатын. Қазіргі күнде Садық ахунның емдік кітабы музей қорында сақтаулы.

"ТТ" ақпарат
24 сәуір 2021 ж. 1 019 0