Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫ ЖАУҺАРЛАРЫ: НҰРАЛЫ (МҮРӘЛІМ) МЕШІТІ

ҚАЗАЛЫ ЖАУҺАРЛАРЫ: НҰРАЛЫ (МҮРӘЛІМ) МЕШІТІ

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, қасиетті орындар, жәдігер ескерткіштер анықталды. Облыс бойынша 12 ескерткіш жалпыұлттық, 35 ескерткіш өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілілгені бегілі.
Қазалы өңірінде 6 республикалық, 53 жергілікті маңызы бар және 34 алдын ала есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың қатарына Жанкент қалашығы, Жанқожа батыр кесенесі, Ғанибай мешіті, Ғанибай үйі, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, Сараман Қоса мұнарасы, Ақтан батыр кесенесі, Әйтеке би ескерткіші, Мүсірәлі кесенесі, Мірәлім (Нұралы) мешіті және тағы басқалары жатады.
Олардың арасында жалпы жұршылыққа танымал орындармен бірге тарихи дәуірі, сондай-ақ атқарған қызметіне байланысты маңызды болғанымен, танымалдығы жоғары емес нысандар да бар.
Қазалы ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы қызықты мәліметтерді, яғни тарихи нысандар мен киелі орындар тарихын, монументті ескерткіштерді, оның ішінде танымалдығы жоғары емес нысандар да назарларыңызға ұсынып келеміз. Бүгін біз «Қазалы жауһарлары» айдарымен Нұралы (Мүрәлім) мешіті туралы деректі ұсынамыз.
Туған жердің әр пұшпағы киелі. Оның ішінде, Тұран ойпатында орналасқан Қазалы ауданының тарихы сонау ерте ғасырлардан сыр шертеді. Тағылымды тарихқа өте бай Қазалы ауданында жоғарыда айтқанымыздай 6 республикалық, 53 жергілікті маңызы бар және 34 алдын ала есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіш бар. Солардың бірі Қазалы қаласындағы Нұралы (Мүрәлім) мешіті.
Қазалы қаласындағы республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіштердің бірі – Нұралы (Мүрәлім) мешіті.
Бұл мешітті «Қазпроектреставрация» институты 1984 жылы есепке алып, құжаттарын дайындаған. Аталған мешітті осыдан бір ғасыр бұрын, нақтырақ айтсақ 1915 жылы сарт (тәжік) саудагері Мүрәлім Меркемалов қыш керпіштен салдырды.
Ғимарат 1937 жылға дейін мешіт болып жұмыс істеді.
Кейін ғимаратта спорт мектебі, емхана, дәріхана орналасып, ел игілігіне қызмет етті. Тарихи ғимаратқа 1990 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан жылдары, яғни 1991 жылы қайтадан мешіт болып ашылды. Бұл күнде ғасырдан астам тарихы бар имандылық үйі Қазалы қаласы жұртшылығының игілігіне қызмет етуде.

https://syr-media.kz/

18 тамыз 2018 ж. 2 289 1

Гость JeaOrer от 14 ақпан 2019 14:08
Replacement For Zoloft Order Levothyroxine Canada Online Prezzo Kamagra cialis from canada Propecia Producto