Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

«ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ


Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. «Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Туған өлке тарихындағы маңызды тарихи-мәдени мұрамызды сақтау, дамыту және оны өскелең ұрпаққа таныту мақсатындағы «Тарих толқынында» атты тарихи-танымдық экскурсия Арал ауданында жалғасты.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен экскурсияға «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары белсене атсалысты.
Экскурсиялық топ әуелі Арал аудандық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мұражайға келушілер өлке тарихына қатысты тарихи-саяси маңызды оқиғалармен, аудан тарихының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар өмірімен, Арал теңізінде өмір сүрген балық, аң-құстармен, балықшылар қолданған құрал-саймандармен және т.б. аудан өміріне қатысты тарихи-мәдени мұралармен танысты.
Аудандық мектеп оқушыларынан құралған саяхатшылар одан әрі Ақирек тауында орналасқан бабтардың бабы, Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстанбабтың зиратына зиярат етті. Арыстанбабтың рухына құран бағыштап, шырақшының баб жайындағы аңыз-әңгімелерін қызыға тыңдады.




16 шілде 2018 ж. 1 597 0