Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясы жанындағы экологиялық кеңес отырысы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы экологиялық кеңес отырысы өтті

 «AMANAT» партиясы жанындағы Экологиялық кеңес отырысы өтті, деп жазады Kyzylorda-news.kz 

Онда «Жасыл Даму» АҚ қызметі кеңінен талқыланды.  Жиынға  ZOOM конференциясы арқылы партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партияның облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебай қатысты. 
                                                                                                                                                                      «Жасыл даму» АҚ-ы 2012 жылы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Үкімет қаулысына сәйкес құрылған. «Жасыл Даму» өз қызметінде «АMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында көрсетілген қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған   міндеттерді дәйекті түрде жүзеге асыруда.

Өңірде қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында жалпы құны 96,0 млрд.теңгені құрайтын 10 жоба, оның ішінде, «Жасыл Даму» АҚ-ның  қаржысы есебінен 9 жоба жүзеге асуда. 

Атап  өту керек, ағымдағы жылдың 8 шілдесінде облыста Парламент Мәжілісінің депутаттары және Экология және табиғи ресурстар министрінің қатысуымен жалпы құны 34,5 млрд.теңгені құрайтын «Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының» капсуласы салынған болатын. Қуаттылығы жылына 300 мың тонна қалдық сұрыптау қарастырылған Оңтүстік Корея технологиясы бойынша жұмыс жасайтын зауыттың бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданындағы 1 жоба «Өнеркәсіпті дамыту қорының» сараптама кезеңдерінен толық өткізіліп, қаржыландыру үшін тиісті келісім-шарт жасалды. Жоба қаржыландырылды, сұрыптау кешені қараша айында жеткізілетін болады. Арал ауданындағы «Сұрыптау кешенін орнату» жобасы мақұлданды, келісім-шарт жасалуда. Қалған 7 жоба бойынша тиісті өтінімдер ұсынылып, Қордың сараптамасынан өтуде.
Жиын соңында кеңеске қатысушылар өңірдегі әрбір жобаның орындалуын талқыға салып, алдағы міндеттерді пысықтады. 
15 қазан 2025 ж. 144 0