Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңестің жұмысы жүйелі

Қоғамдық кеңестің жұмысы жүйелі

Ертеректе ауыл ақсақалдары ел арасындағы үлкен дау-дамайларды өздері арнайы жиында шешіп отырған. Бұл ата-бабадан қалған мұра секілді жалғасын тауып, «қоғамдық кеңес» деп аталатын ауылдың ардақты ақсақалдарынан құралған кеңестер пайда болды. Жетікөлдіктер қандай да бір мәселе туындаған жағдайда ардагер ақсақал Жарылқасын Камалов бастаған қоғамдық кеңес мүшелеріне жүгінеді. Мәселе дейміз-ау, бұл елді мекеннің ауызбірішілігі мен сыйластығы өз алдына бір төбе секілді. Себебі ел арасы тыныш екен. Қоғамның өзекті мәселелерін қоғамдық кеңес атқарушы органга жеткізіп отырады. Соның арқасында болар ең бас­тысы ауыл ішіндегі барлық көше асфальтталған, жарық шамдар орнатылған.
– Ел болған соң кез келген жерде пікір қайшы­лығы туындайды. Бірақ біз адамгершілік деген үлкен қасиетті алғашқы орынға қоямыз. Себебі бір-бірімізді қаралап, жазғырғанмен мәселе шешілмейтіні анық. Сондықтан да қоғам болып мұқтаж жандарға көмек беруге тырысамыз, мәселе туындаса елді біріктіруге, бірлікке шақырамыз, – дейді еңбек ардагері Жарылқасын Камалов.
«Бірлік бар жерде тірлік бар» екенін ескерсек, Жетікөл ауылы осының айқын дәлелі іспетті.

М.ҚОЖАБАЙ
10 қазан 2020 ж. 489 1

Семен от 19 қараша 2020 16:17
CNC 3d 模型 免费下载