Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕРГЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕРГЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

Аудандық «Достық» үйінде «Тіршілік тынысы» газетінің 80 жылдығы аясында байырғы редактор, қарымды қаламгер Болатбек Аманбаевты еске алуға арналған шахматтан турнир өткізілді. Турнир «Сырдария» қоғамдық қорының демеушілігімен ұйымдастырылды.
Тақта үстінде тартысқа түскен бірнеше ардагер өз шеберліктерін байқатты. Ардагерлердің ой үстінде озық болуы, өзінің жеңіске деген жігерлілігін көрсете білді. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, Б.Аманбаевтың замандасы Р.Бәйменов, «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы С.Ерімбет сөз алып, Болатбек Аманбаевтың өмір жолымен таныстырып, оның қарымды қаламгер екендігін, жазу шеберлігін көпшілікке паш етті. Ол өз заманының заңғар азаматы. Қашанда газеттің тартымды шығуына, халыққа тұшымды ақпарат таратуға елеулі еңбек етті. Оның қайраткерлігі баспасөз саласында өзіндік қолтаңба қалдырды, тарихта алтын әріптермен жазылды. Ойының ұшқырлығы мен сөзінің өткірлігі ел есінде.
Турнирде жүлделі үшінші орынды Б.Мәтібаев, екінші орынды Р.Бәйменов, бірінші орынды Р.Райымов еншіледі. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге қоғамдық қор төрайымы Н.Керейтбаева сый-сияпат ұсынды.

«Тт» ақпарат
30 тамыз 2019 ж. 726 0