Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОС ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗЫ БІРГЕ ШАЙ ІШУГЕ НИЕТТІ

ҚОС ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗЫ БІРГЕ ШАЙ ІШУГЕ НИЕТТІ

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Барселона" футбол клубының жұлдызы Лионель Месси арасындағы бәсекені талқылау үшін онымен түскі ас ішуге дайын екенін жасырмады, деп хабарлайды Massaget.kz
"Оның мансабына шынында да таң қалып, қол соғамын. Испаниядан кетКенімді өкінішпен қабылдағанын айтты, себебі арамыздағы бәсекені ол да қадірлейтін еді. Арамыздағы бәсеке жақсы. Бұл тек футболда ғана емес...
Баскетболда Майкл Джорданның бәсЕкелестері бар. Формула 1-де Айртон Сенна мен Ален Прост…
Спорттың барлық түріндегі қарама-қарсылықты біріктіріп тұратын жалғыз нәрсе – сапалы бәсеке.
Мессидің футболдағы ойыны мені жетілдірді. Және керісінше мен белгілі бір жетістікке жеткен кезімде ол шабыттанған болуы керек. Сол сияқты оның жетістіктерінен менің де шабыт алуым ләзім.
Мессимен кәсіби арақатынасымыз керемет. Себебі екеуміз де 15 жылдан бері футбол әлемінде жүрміз.
Онымен бірге ешқашан отырып түскі ас ішпегенмін. Бірақ болашақта неге ішпеске? Мен бұған ешқандай проблемасыз келіскен болар едім", - дейді Криштиану TVI радиосына берген сұқбатында.
Айта кетейік, осыған дейін португалиялық футболшы аргентиналықтан айырмашылығын АПЛ, Ла Лига және Серия А-да ойнап, чемпион болуымен атап өткен болатын.
Осыдан соң бір топ ғалымдар Криштиану мен Мессидің арасындағы бәсекені ғылыми тұжырымдап "Барселона" ойыншысын (Месси 1,21 балл, Роналду 0,61) бір саты жоғары қойған-ды.

25 тамыз 2019 ж. 603 0