«Алтын доп» кімге бұйырады?

Жоғарыда аталған футболшылардан бөлек тізімде Кевин де Брёйне, Харри Кейн, Рафаэль Варан, Мохамед Салах және Эден Азар бар. Сонымен қатар Ресейде өткен әлем чемпионатында топ жарған Антуан Гризманн да «Алтын доп» иегері атануға үмітті. Халықаралық футбол федерациясы соңғы шешімін 24 қыркүйек күні Лондон қаласындағы салтанатты шарада жариялайды. Айта кетейік, дәл осы сыйлықты соңғы 2 жылда Криштиану Роналду иеленген еді. Ал оның басты бәсекелесі Лионель Месси болды.