Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ЧЕМПИОН

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ЧЕМПИОН

Мектепхан аға спорттың сан түрін меңгерген сайыпқыран спортшы. Студент кезінде күрес өнеріне машықтанды. Алматыда политехникалық институтын бітіргеннен кейін өндірісте еңбек ете жүріп, шахмат, бильярд, тоғызқұмалақтан аудандық, облыстық, республикалық турнирлерге қатысып, жеңімпаз атанды. Бүгінде ардагер спортшы М.Елеусінов жақында Қызылорда қаласында өткен тоғызқұмалақтан республикалық біріншілікте чемпион атанды. Сонан кейін шахматтан өткен облыстық турнирде жүлделі үшінші орынды еншіледі. Жасы бүгінде 70-ке жақындаса да спорттың арқасында әрдайым сергек жүретін ағамызды көптеген жастар үлгі тұтады.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
12 маусым 2019 ж. 1 051 0