Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОЙЛЫЛАР ОЙЫНЫ

ОЙЛЫЛАР ОЙЫНЫ


Спорт елдің мерейін өсіретін, ердің атын шығаратын ғажайып өнер. Соның ішінде, спорт төресі – шахмат ойлылардың ойыны аталады. Бұл спорт түрі жасөспірімдердің ой-өрісін дамытады. Шіркейлі ауылында жас шахматшылар үйірмесінің жұмыс жасауы «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей олардың арасынан таланттыларды табуға ықпал етуде. Бұл жас шахматшылар аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда алдыңғы қатардан көрініп, олжа салуда.
Арал ауданының «Қамбаш» тынығу лагерінде шахматтан оқушылар арасында өткен облыстық біріншілікке барлық ауданның жасөспірім спортшылары қатысты. Дүбірлі жарыста аудан намысын Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектептің оқушылары қорғады. командалық есепте аймақ бойынша сырдариялықтар бірінші орынды жеңіп алды. екінші орынды шиеліліктер, үшінші орынды Қызылорда қаласының жас шахматшылары иеленді. Біріншілікте 10 жасқа дейінгі қыздар арасында Айнель Жұмаділдақызы, 10 жасқа дейінгі ұлдар арасында Рашид Байдәулет чемпион атанды. Ал 10 жасқа дейінгі қыздар арасында Инабат ахметқызы, 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында Қуандық Кеңесов екінші орынды иеленді.
– Шәкірттерім жарады. облыс бойынша мықты екендіктерін танытты. Біз бұған тоқмейілсімейміз. Біздің ұранымыз – тек алға, – дейді оқушылар бапкері Үсен махамбетов.
Облыстық, республикалық жарыстарда олжа салып жүрген жас шахматшыларға бап пен сәттілік тілейміз.

Ш.Балтабайұлы
21 шілде 2018 ж. 1 470 0