Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Үздіктер қатарында

Үздіктер қатарында


Таеквондо шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорт түрле­рінің бірі ретінде әлемге таралған. Бір жағынан бұл корей халқының ұлттық спорты ежелгі және заманауи күрес жүйесі болып табылады. 2000 жылдан бастап олимпиада ойын­дары қатарына кіргізілген. Негізінен таеквандо үйірмелері елімізде де жақсы дамыған десек артық айтқандық емес. Жыл сайын спортшылар халықаралық дәрежедегі жарыс­тардан жоға­ры нәтиже көрсетуде. Сонымен қатар республикалық деңгейдегі байрақты бәсекелер үздіксіз ұйымдастырылады. Жа­қын­да Түр­кіс­тан қаласында балалар ара­сында таеквондодан ҚР Чем­пионаты өткізілген болатын. Аталмыш жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 1200-дей спортшы қатысты. Ал, ауданнан 10 спортшы бақ сынады.
Талай мықты балғындардың басын біріктерген жарыста аудан таеквондошы қыздары жүл­дегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, 40 келі ден жоғары сал­­мақта Жансұлу Айдарбек қола медаль еншілесе, 28 келі салмақта Мадина Амантай күміс медаль иемденді. Қос спортшы да қазіргі таңда №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде оқиды. Қа­зіргі таңда спортшылар №11 аудандық балалар жә­не жасөспірімдер спорт мек­тебінің таеквон­до үйір­­­­­­­­­­­­­­ме­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­сінде жат­тығады. Бұ­­­лар­­дың жаттық­тыру­шы­­ла­ры М.Алда­бер­ге­нов пен Б.Баймырзаев.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
19 маусым 2018 ж. 1 395 0